Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Оразаева Ұлжан Қайырбайқызы

admin

Ұлжан Оразаева

2000 жылы 30 маусымда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында өмірге келген.

2018-2022 жылдар аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінде «Драма және кино артисі» мамандығы бойынша білім алды.

2023-2025 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұттық өнер академиясында «Актерлік өнер» білім беру бағыты бойынша оқып, «Өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды.

2022 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.

Ойнаған рольдері: «Қызыл орамалды шынарым» (авт.: Шыңғыс Айтматов, реж.: Талғат Теменов) – Әсел, «Қара шекпен» (авт.: Георгий Хугаев, реж.: Асхат Маемиров) – Көкшулан, «Оян, қалыңдық» (авт.: Федерико Гарсиа Лорка, реж.: Дина Жұмабаева) – Қалыңдық, «Бернарда Альбаның үйі» (авт.: Федерико Гарсиа Лорка, реж.: Дина Жұмабаева) – Адела, «Болмаған балалық шақ» (авт.: Ақберен Елгезек, реж.: Фархад Молдағали) – Олешка, «Әпке» (авт.: Дулат Исабеков, реж.: Мейрам Хабибуллин) – Гаухар, «Фатима» (авт.: Иран Ғайып, реж.: Мұрат Ахманов) – Жас Фатима.