Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Баймуханбетова Аружан Абатбайқызы

admin

Аружан Баймуханбетова

2002 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2012–2017 жылдар аралығында Нұрғиса Тілендиев атындағы өнер академиясында вокал бөлімінде білім алып, кәсіби ән айту негіздерін меңгерді.

2017–2021 жылдары Петр Чайковский атындағы музыкалық колледждің «Хор дирижёрі» бөлімінде білім алды.

2021–2025 жылдары Мәскеудегі ГИТИС театр институтының «Саундрама» факультетінде жоғары білім алып, театр өнері мен музыкалық бағыттағы кәсіби дайындықтан өтті.

2024–2025 жылдары Мәскеудегі театрлардың бірінде шығармашылық қызмет атқарып, кәсіби тәжірибе жинақтады.

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып қызмет етеді.

Шығармашылық тәжірибесі:

«Центр драматургии и режиссуры» театрында сомдаған рольдері: «Однорукий из Спокана» (реж.: Владимир Панков — Споканка, «ЕНГИБАРОВ» (реж.: Александр Недомолкин)— Роза.

Мельников театрында: «Смертельное влечение» (реж.: Максим Сапрыкин) – Хэзер Дьюк.