Алматыда «Jibek Joly. Limitless Sound» open-air фестивалі мен «Ün Music Week» бірінші халықаралық музыкалық мәдени-білім беру апталығы басталды. 4 күн ішінде шоу-фестивальға 9 елден түрлі орындаушылар қатысып, 12 елден
музыка индустриясындағы шетелдік сарапшылар келді.
Іс-шара Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының, ШЫҰ елдерін қолдайтын Цифрлық платформасының, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «GloMMnet», «TurkSib Music Initiative» халықаралық коммерциялық емес ұйымының, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Шоу-фестиваль сарапшылар мен көрерменге мәдениет пен халықтың сан түрлілігін көрсететін дәстүрлі және заманауи этникалық музыканың палитрасын ұсынады.
Оқыту және пікірталас панельдері кезінде Орталық Азиядағы музыка индустриясының трендтері, әлемнің түрлі аймақтарының музыкалық нарықтартағы ерекшеліктері мен мемлекеттің музыкалық мәдениетті дамытудағы рөлі талқыланады.
Open Air фестивалі «Jibek Joly. Limitless Sound» Орталық Азиядағы алғашқы біріккен шоуды көрерменге паш етеді, онда әртүрлі елдердің орындаушылары Жібек жолының үнін заманауи аспаптық және электронды интерпретацияланған қалыпта, өз халықтарының дәстүрлі өнерін бірыңғай музыкалық, театралдық нұсқада орындайды.
Сонымен қатар апталық аясында халықаралық тәжірибе мен мәдени алмасу перспективасына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында музыка индустриясының дамуына, мәдени тәжірибе алмасуға және музыкалық фестивальдердің әлеуметтік-экономикалық әсеріне қатысты тақырыптар талқыланды.
23-24 мамырда World Music және Орталық Азия өңіріне ерекше назар аудара отырып, қазіргі әлемде музыка индустриясын дамытудың өзекті мәселелеріне арналған конференция өтеді. Онда 13 елдің жетекші сарапшысы мен сала мамандары музыканттардың, продюсерлердің және музыкалық қоғамдастықтың басқа да мүшелерінің алдында тұрған негізгі тенденцияларды, қиындықтар мен мүмкіндіктерді ортаға салады.
Гала-концерт «Jibek Joly. Limitless Sound» open air фестиваліне жалғасады. Аталмыш шара 25 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет саябағында өтеді.
Бұл іс-шара Қазақстан мен Орталық Азияның халықаралық музыкалық сахнадағы нәтижесін атап өтуге және мәдени байланыс пен жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға арналған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі