«ҚАРАГӨЗ»
( soundrama )
авторы Мұхтар Әуезов
Әуезов жазып, ғасырға жуық сан мәрте сахналанған әйгілі
«Қарагөздегі» үштаған кейіпкерлерді режиссер қандай кейіпте «көреді?..»
Сол кезгі жастардың мұң-зарын шерткен шығарма мазмұны қазірге сай,
заманауи қалыпта ұтымды көрсетіле ме?.. Бұл сұрақ бізге де қызық…
Бейкүнә басын сан-саққа соқтықтырып, сансыраған қыз тағдыры мен
сарсаңға түскен қос тараптың тартысқа толы шиеленісін және спектакльдің
тың нұсқасын көріп, жан-дүниеңізді серпілткіңіз келсе, спектакльді көруге
келіңіз!
Қоюшы-режиссері – Фархад Молдағали
Хореограф – Шырын Мұстафина
Киім суретшісі – Алма Сырбаева
Композитор – Олжас Жақыпбек
Саунд-дизайнер – Рахат Төрежан