авт. В. Маслов, М. Супонин
ауд. Динара Әбікеева
Ойнайық та, ойлайық
( Балаларға арналған ертегі )
Қоюшы-режиссері – Антон Зайцев
Сценография және костюм суретшісі – Айдана Бисембаева
Біз – ересектер, қай жаста, өміріміздің қай кезеңінде болсақ та, балалық шағымызды әрдайым сағынумен, оған ойша «барып қайтумен» боламыз. Бала кезімізді, ондағы қызықтың бәрін ұмыту мүмкін емес.
Балалық шағымызды қалай сақтауға болады?.. Еркін де шынайы, адал да таза, еш уайымсыз – албырт, тәтті де бейқам шағымызға сапар шектірер бұл ертегілік қойылым, көрерменді ұмытылмас кездерге шегініс жасатады.
Балалық шағыңыз есіңізде ме?..
Ендеше, асыр салып ойнаған, ойынға еш тоймаған –
сол бір шақтарға саяхат жасағыңыз келсе,
кішкентай ұл-қыздарыңызбен, жақындарыңызбен бірге театрға келіп,
қызықты спектакль көріп кетуге келіңіз,
қадірлі көрермен!