Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес» – деген болатын.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау  күні  барлық елдерде аталып өтіледі. Гуманды және әділетті қоғам құру үшін қажетті жағдай ретінде балалардың өмір сүру, білім алу, күш көрсету мен психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғау, балалар еңбегін пайдаланудан қорғау, құқығын сақтау керектігі туралы аз айтылып келе жатқан жоқ.

Балаларды қорғау күні – түрлі іс-шаралардың қамтылуымен өтетін, бүлдіршіндеріміздің риясыз қуанышына айналған айтулы мереке екені белгілі.

Осы орайда, театрымыз Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімдігімен бірлесіп, қаламыздың 650-дей ерекше қамқорлықты қажет ететін балалары үшін мерекелік-қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Мерекелік іс-шараға қаламыздың бірнеше шығармашылық ұжымдары, атап айтсақ: «Сармат» хореографиялық ансамблі, И.В.Панфилов атындағы №54 Қазақ-Ресей мектеп-гимназиясының «Жұлдыздар» ансамблі, «Арабески» эстрадалық би ансамблі, Ахмам Халимназаров, «Алмалэнд» және «Хэппи бэйби» шығармашылық ұжымдары, «Алақай» шағын орталығының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, кішкентай көрермендерді тәнті етті.

Өз кезегінде, театрымыз Ш.Құсайыновтың «Алдар көсе» ертегісін бүлдіршіндерге екі мезгіл тегін тарту етті.

 Баспасөз бөлімі

IMG_20160601_114230 DSC_7139 DSC_7151 IMG-20160601-WA0002 IMG-20160601-WA0003 (2)

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛГЕН ЕДІ»

admin

Football Player on The Field, Popular Sport

admin

Құттықтаймыз! #Қазақтеатрыжасасын

admin