Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Жусан  иісі

admin

Сайын  Мұратбеков

«Жусан  иісі»  (драма)

Қоюшы-режиссері және сахналық нұсқасын жасаған Жұлдызбек Жұманбай
Қоюшы-суретшісі – Алтынай Жүсіпәлі
Композиторы – Ғалымжан Сәкеев
Хореограф – Карина Джиренбаева
Режиссердің ассистенті – Бейбіт Камаранов, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Режиссердің  көмекшісі – Гүлфайруз Смаилова
АЛЫСТА ҚАЛҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМ… ОЙЫМНАН БІР КЕТПЕЙДІ.
Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой.
Ауыл жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Бәрімізге таныс иіс…
Спектакльдің  премьерасы: 6 желтоқсан,  2017 жыл