Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ҚҰЛАГЕР

admin

авт. Ілияс Жансүгіров

ҚҰЛАГЕР (Soundrama)

Қоюшы-режиссері Фархад Молдағали,  «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Музыкамен көркемдеу – “STEPPE SONS” – этно-одерн-джаз тобы
Хореограф – Әділет Таменов
Хормейстер – Ғалымжан Берекешов
Қоюшы-суретшісі – Айдана Бисембаева
Киім үлгілерінің суретшісі – Алма Сырбаева
Режиссердің ассистенті – Ерлан Кәрібаев
Режиссердің көмекшісі – Гүлфайруз Смаилова, Әлия Әбсаттарова
Өмір – арпалыс, күрес, жарыс… Аламан – бәйге.
Қазақ – ат жалын тартып мініп, асау таймен алысып есейген, жылқы малына жаны құмар, ұлттық рухы мықты халық.
Дүбірлі додаларда шын жүйріктер озады. Бұлтарыс-қалтарыстарда тұяғы тайғанап, аяқтан шалатындар кезікпесе, әрине…
Аттың шабысы – ол, адам шабысы.
ҚҰЛАГЕР – еркіндікке ұмтылған қара халықтың, Адам – Ақынның  Жан-Азасының символы.
«Құлагер» қойылымы Қазанатынан, Ер қанатынан айырылған Ақанның зарына қанықтырып, қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныта түсері хақ…

Спектакльдің  премьерасы:4 наурыз,  2020 жыл