Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
1958 жылы 11 желтоқсанда Целиноград қаласы, қазіргі Астана қаласында дүниеге келген.
1980-1984 жылдар Алматы мемлекеттік театр және көркем сурет өнері институтының актер мамандығын бітірген.
1984-1987 жылдары Абай атындағы Семей облыстық музыкалық-драма театрында актриса болып еңбек жасаған.
1987 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Семей театрында:
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Ақтоқты, Б.Мұқай «Сергелдең болған серілер» – Айжан, Т.Әліпбаев «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы» -Алтыншаш, М.Хасенов «Махаббат неге оянбады?» – Дәмеш, Эрве «Түлкі бикеш»-актриса, т/б.
Ғ.Мүсірепов театрында:
С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Жібек, «Ең әдемі келіншек» -Зухра, Т.Минуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» – Диляфруз, Д.Исабеков «Анасын аңсаған қыз» – Перизат, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Перизат, «Махаббат айдыны» – Алисэлла, И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» -Гүлдана, Ф.Оңғарсынова «Бақыт пен мұң» – Бақыт, Б.Майлин «Неке қияр» -қалыңдық, Ә.Тарази «Індет» – Әзиза, М.Әуезов «Қаралы сұлу» – Бопи, Мәнсия,С.Елубаев «Аспаннан түскен адам» – Ева, Т.Нұрмағанбетов «Кемпірлерден шыққан дау» – Аршагүл, Ш.Мұртаза «Жетім бұрыш»-Періште, А.Сариев «Мұңым менің» – Раоха Крыштан, Иран Ғайып «Қорқыттың көрі» – Сарын ару, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Кие әйел, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Бустан, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…», – Текті т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Л.Симонова «Алтын дәннің құпиясы» – Машенька, Т.Алшынбаев «Керқұла атты Кендебай» – Биғаным сұлу, А.Ашимов, А.Тарақты «Күн қызы Күнекей» – Индианка, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2006ж. «Ерен еңбегі үшін» медалі
2013ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;