Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Күлжәмилә Белжанова

admin

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

%d0%ba%d2%af%d0%bb%d0%b6%d3%99%d0%bc%d0%b8%d0%bb%d0%b0-%d0%b1%d0%b5%d0%bb%d1%8c%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b01958 жылы 11 желтоқсанда Целиноград қаласы, қазіргі Астана қаласында дүниеге келген.
1980-1984 жылдар Алматы мемлекеттік театр және көркем сурет өнері институтының актер мамандығын бітірген.
1984-1987 жылдары Абай атындағы Семей облыстық музыкалық-драма театрында актриса болып еңбек жасаған.
1987 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Семей театрында:
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері — Ақтоқты» — Ақтоқты, Б.Мұқай «Сергелдең болған серілер» — Айжан, Т.Әліпбаев «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы» -Алтыншаш, М.Хасенов «Махаббат неге оянбады?» — Дәмеш, Эрве «Түлкі бикеш»-актриса, т/б.
Ғ.Мүсірепов театрында:
С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» — Жібек, «Ең әдемі келіншек» -Зухра, Т.Минуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» — Диляфруз, Д.Исабеков «Анасын аңсаған қыз» — Перизат, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» — Перизат, «Махаббат айдыны» — Алисэлла, И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» -Гүлдана, Ф.Оңғарсынова «Бақыт пен мұң» — Бақыт, Б.Майлин «Неке қияр» -қалыңдық, Ә.Тарази «Індет» — Әзиза, М.Әуезов «Қаралы сұлу» — Бопи, Мәнсия,С.Елубаев «Аспаннан түскен адам» — Ева, Т.Нұрмағанбетов «Кемпірлерден шыққан дау» — Аршагүл, Ш.Мұртаза «Жетім бұрыш»-Періште, А.Сариев «Мұңым менің» — Раоха Крыштан, Иран Ғайып «Қорқыттың көрі» — Сарын ару, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» — Кие әйел, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» — Бустан, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…», — Текті т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Л.Симонова «Алтын дәннің құпиясы» — Машенька, Т.Алшынбаев «Керқұла атты Кендебай» — Биғаным сұлу, А.Ашимов, А.Тарақты «Күн қызы Күнекей» — Индианка, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2006ж. «Ерен еңбегі үшін» медалі
2013ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;