Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
1969 жылы 16 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген.
1990-1994жылдары Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институтының актерлық бөлімін тәмамдаған.
1994 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актеры болып еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махббат сазы»- Досым, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек»-Қособа жігіт, Э. де Филиппо «Цилиндр»- Аугустино Мускарельо, И.Турсунов «1001 – ші күн»- Ибн Малғұн, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы»- Есіркепов, С.Жүнісов «Тұрымтайдай ұл еді»- Шарыш, Дж.Патрик «Кемпірден қалай құтыламыз»- Рудольфо, Т.Теменов «Мулен ружға шақыру»- Сембин, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Тимофеев, М.Байджиев «Тұншыққан сезім»- Ескендір, Б.Мұқай «Шындық детекторы»- Ботан Сарманов, Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» – Қорқыт, О.Бөкей «Атау-Кере» – Таған, Т.Ахтанов «АНТ» – Әбілқайыр, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Ата қаз, С.Мұратбеков «Жусан иісі» – Нұғман т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2017 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
- Басты бет
- Жомарт Зейнәбіл