Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Жомарт Зейнәбіл

admin

%d0%b6%d0%be%d0%bc%d0%b0%d1%80%d1%82-%d0%b7%d0%b5%d0%b9%d0%bd%d3%99%d0%b1%d1%96%d0%bbҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
1969 жылы 16 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген.
1990-1994жылдары Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институтының актерлық бөлімін  тәмамдаған.
1994 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актеры болып еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махббат сазы»- Досым, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек»-Қособа жігіт, Э. де Филиппо «Цилиндр»- Аугустино Мускарельо, И.Турсунов «1001 – ші күн»- Ибн Малғұн, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы»- Есіркепов, С.Жүнісов «Тұрымтайдай ұл еді»- Шарыш, Дж.Патрик «Кемпірден қалай құтыламыз»- Рудольфо, Т.Теменов «Мулен ружға шақыру»- Сембин, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» — Тимофеев, М.Байджиев «Тұншыққан сезім»- Ескендір, Б.Мұқай «Шындық детекторы»- Ботан Сарманов, Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» — Қорқыт, О.Бөкей «Атау-Кере» — Таған, Т.Ахтанов «АНТ» — Әбілқайыр, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» — Ата қаз, С.Мұратбеков «Жусан иісі» — Нұғман  т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2017 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»