Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ЖАСТАРДЫҢ НАЗАРЫНДАҒЫ «ЖАС АБАЙ».

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрындағы кезекті  премьераны  режиссер Жанат Хаджиев сахналады. Жаңа туынды талдау мақсатында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы аясында құрылған «Көзімнің қарасы» атты студенттердің шығармашылық клубындағы бір топ жастар қойылымды көріп, өзара пікірталас жасаған болатын. Солардың кейбірін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік…

Ақпарат көзі: http://massaget.kz/blogs/16938/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрымыздың патша көңіл көрермендері‼️

admin

Бүгін театрымыздың дарынды актеры Руслан Ахметовтің дүние есігін ашқан күні! Шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шыңдар мен биік белестер тілейміз!

admin

9 желтоқсанда өткен желтоқсаншылармен кездесу күні есте қаларлықтай дүниелермен толықты. Бәріміз ерекше көңіл-күйді жыр ете айта шығатын, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Желтоқсан-86” тәуелсіз күрескерлермен кездесу өтті. Қиын-қыстау заманның кейіпкерлері 1986 жыл 16 желтоқсанды терең күрсініспен еске алды және әрбір оқушының сауалына жауап қатып, пікірін тыңдап ой қорыта білді. Аталмыш шарадағы батыр апа-ағаларымыздың ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан қаралы да қасіретті күні тыңдап отырған бізді де бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ, ерліктің ащы тұстары айтыла түсіп, жыл сайын күрескерлер ақталып, осы бір қазақтың қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатқан “Желтоқсан оқиғасы” бүгінде қолға алынып, өзіндік мәртебеге ие болғандығы көңіл қуантатынын жасырмаймыз. Сан ғасыр арман еткен Тәуелсіздіктің туы қаһармандардың арқасында келіп жетіп, желбірей түсуде. Өкінішті сәттердің, соның ішінде, сан мыңдаған батырларымыздан қол үзіп қалғанымызбен, олардың қазақ деп ұрандатқан ащы айқайы әрдайым санамызда, жадымызда мәңгілік жаңғырып тұр. Кездесу, Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен аға-әпкелеріміздің әңгімелерімен қыза түсті. Өзіндік ойымен қарсы алдымызда, Республикалық “Желтоқсан-86” Тәуелсіздік қырандары Халық қаһармандары қозғалысы төрайымы – Жүніс Гүлбаһрам Есмұратқызы, Тәуелсіздік күрескері – Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы және Гүлнәр Сейтімбеттей аға-апаларымыз бөлісті! Сөз соңында, тәуелсіздік жолында қаза тапқан батыр қызымыз Ләззат Асанованың анасы да көзіне жас ала отырып, әңгімесін, тілек, алғысын жеткізе білді. Жас балғындарымызда есті әңгімеге елітіп, тіпті өлең шумақтарын жарыса оқып, патриот ұрпақтың өсіп келе жатқандығын дәлелдей түсті. Сонымен қатар, тәуелсіз күрескерлерге баршамыз өре түргеліп, Желтоқсанның жаңғырығына, ызғарлы желіне төтеп бергендігіне жарыса алғысымызды жаудырдық. Кеш соңы театр ұйымдастырған “Желтоқсан желі” атты қойылыммен жалғасын тапты.#Тәуелсіздіккүрескерлері #желтоқсанжелі#алғысымызшексіз

admin