Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ЖАСТАР ТЕАТРЫНДА – ПРЕМЬЕРА

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры көрермендеріне жаңа премьера ұсынады, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

17-18 маусым күндері сахналатын қойылым – У. Шкспирдің «…Бір сен үшін тудым…» (Ромео-Джульетта) трагедиясы.

Спектакльдің қоюшы режиссері – Жұлдызбек Жұманбай, қоюшы –суретшісі –  Нұржан Саменов.

«Мәңгі махаббат бар жерде, мәңгі машақат бар. Әулет пен әулет, топ пен топ, тобыр мен тобырдың кесірінен қаншама махаббат құрбан болды. Бұл – ықылым заманнан  бері келе жатқан ұлтқа бөлінбейтін адамзаттық ахуал.

Шекспирдің «Ромео – Джульеттасы» да – солардың кебі…

«…Бір сен үшін тудым…» – деп шырылдаған шындықты, көзбен көріңіз, ішпен біліп, көңілге түйіңіз!…» делінген театр таратқан баспасөз хабарламасында.

«Қамшы» сілтейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

МҰРАТ АХМАНОВ: БІЗГЕ ҚАЗАҚТЫҢ ОРЫСТАН КӨРГЕН ҚИЯНАТЫН КӨРСЕТПЕҢДЕР ДЕП ЖАТҚАН ЕШКІМ ЖОҚ

admin

Бүгін көпшілік қауымға Д.Жолжақсыновтың “Құнанбай” фильмі жол тартады. Көптен күткен премьера құтты болсын! Қазақ киносы жасасын!

admin

Данияр Базарқұлов: «Актер болуды армандамағанмын»

admin