Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Текті туған «Телғара»

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Абайдың жастық шағы туралы «Телғара» спектаклі көрерменге жол тартты.

Премьераны қойған  – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Хаджиев. Қоюшы суретшісі – Серік Омаров. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла!» дейді Абай. Біз оның әлемін түсініп, ғибратына толық қаныға алдық па? Азғындаған өмір. Тобырлық сана. Осының бәрі Абайдың ерте есеюіне сеп болды. Оны есейткен кімдер еді? Әрине, өз ортасы. Абайдың таусылмайтын әлемін суреттеуге тырысқан спектакльдің негізгі айтар ойы да – осы.

Абай рөлін ойнаған жас актер Ернат Күн­шібаев өзінің кейіпкері туралы: «Тел­ғара» спектаклі Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының желісінде дайын­дал­ды. Мұндағы кейіпкерлердің барлығы дер­лік өз бейнесін аша білген. Абай, Құ­нан­бай, Сүйіндіктің ой-толғаныстарын дәл суреттеуге тырысты. Мұның бәрі – ре­­жиссердің сәтті жұмысының нәтижесі. Ме­нің спектакльдегі кейіпкерім – 13 жас­тағы бала. Телғара – апасының еркелетіп қой­ған аты. Жеңгелері де осылай атайды. Әже­сі Зере оны Абай дейді. Оқудан орал­ған он үш жастағы Абайдың қамсыз, мұң­сыз кезі. Осы тұста ғой оның әкесі – Құ­нан­­байдың қатал жазасын көзбен кө­ре­тіні. Қа­тыгездікті көріп, көңіліне ауыр алған жас бала өзгереді. Дала заңына бағынған ха­лықтың мынадай жазасын көрген­дік­тен, оның жан-дүниесі қатты өзгеріске ұшырайды. Осы сәттен бастап, Абай Фирдоуси, Науаидың өлеңдерін оқып-біліп, дүниені өзгеше көзқараспен тани бастайды. Абайдың өзгергенін, ой-толғанысы қалыптасқанын білген әкесі оны ел ішіндегі саяси оқиғаларға араластырады. Мұның бәрі оның дүниені өзгеше тануына, елдің арасындағы оқи­ғаларға жіті назар аудара бастауына, өзін­дік көзқарасының қалыптасуына алып кел­ді. Оның бәрін жүрегінен өткізіп, ерек­ше пайымдайды. Менің кейіпкерім осындай дара болмыс иесі» дейді.
Спектакльде негізгі кейіпкердің бірі – Құнанбай бейнесі. Құнанбай образы ұзақ жылдар бойы жасырын келді. Оның өзгеше болмысын көрсету актерге оңай бол­маған секілді. Құнанбай рөлінде театр­дың белді актерлерінің бірі Руслан Ахметов ойнады.
– Құнанбайды ойнау маған оңай болған жоқ. Бұған дейін де Құнанбайдың бірнеше сахналық нұсқасы болды.  Со­лардың бірнешеуін қарап шықтым. Олар­дың кейбірін сахнада салып та көрдім. Бірақ олардың бәрі менің көңілімдегі Құнанбай болған жоқ. Режиссер Құнан­бай­ды қазақтың Иван Грозныйы деп са­найды. Сондықтан ондай әйгілі тұлғаны сах­нада алып шығу – тіптен күрделі. Ре­жис­сердің ойынан шығуы үшін оның талап­та­рын орындауға тырыстым.
– «Құнанбай» фильміндегі Досхан Жол­жақсыновтың Құнанбайын көрдіңіз бе?
– Қарап шықтым. Екеуінің болмысы екі бөлек. Бұл спектакль «Абай жолы» ро­ман-эпопеясының желісінде қойылып отыр. Бұған дейін Құнанбайды сахнада Тұңғышбай Жаманқұлов та сомдаған. Айта кететін бір жайт,  менің Құнанбайым­ның болмыс-бітімі бөлек. Көрермен мұны  режиссер Жанат Хаджиев пен Рус­лан Ахметовтың Құнанбайы деп қабыл­дауы керек.

Гүлзина ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ

Ақпарат көзі: http://aikyn.kz/ru/news/show/22657-tekt_tu_an_tel_ara_

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Актер Талғат Келімбетов – «Шалқар» студиясында қонақта

admin

3.12 Студия қонағы ӘСЕТ ИМАНҒАЛИЕВ

admin

“Тағдыр тақтасы” қойылымы “Таңшолпан” бағдарламасында

admin