Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ТЕАТР ТЫНЫСЫ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «АССИТЕЖ» дүниежүзілік ассоциациясының Қазақстандағы орталығы болып жарияланды. Бұл туралы «Қамшы»порталы хабарлайды.
Әлемнің 83 мемлекеті қатысатын бұл ұйымдар қатарына тұңғыш рет мемлекетіміздің өнер ошақтары 84-ші болып қабылданды.
Айта кетсек, «АССИТЕЖ» дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер театрлар ассоциациясы 1965 жылы құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді театр әлеміне қызықтыру, театр өнерін насихаттау. Олардың өмірін театр өнерімен байланыстыру және театрдың ғажайып қыр-сырын көрсетіп, үлкен мүмкіншіліктерге қалай қол жеткізуге болатындығын көрсету.
АССИТЕЖ – дүние жүзіндегі балалар мен жасөспірімдер театрларымен біріге жұмыс істеп, тәжірибе, ұлттық дәстүрлермен алмасуға мүмкіндік береді.
«АССИТЕЖ» дүниежүзілік ассоциациясының Қазақстандағы ұйымының мүшелері:
1. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры;
2. Астана Жастар театры;
3. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
4. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі;
5. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі.
http://qamshy.kz/home/show/1279 «Қамшы» сілтейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы желісімен құрылған спектакльдің премьерасына орай «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

admin

Роза апамыздың орындауында Т.Айбергеновтің шығармаларынан үзінді

admin

snowboarding is a thrilling sport in the mountains

admin