Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Таразда театр фестивалі өтті

02.10.2015 TARТАРАЗ. 2 желтоқсан. Тараз қаласында «Тұңғышбай әл-Тарази шақырады» атты актер өнеріне арналған ІІ халықаралық театрлар фестивалі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Үш күнге созылған фестивальде Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген театрлар мен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының драма театрлары өнерлерін көрсетті.

Қырғызстанның «Сахна» эксперименталды театры «Песнь ветера» қойылымын сахналаса, Талас облыстық музыкалық драма театры «Аялдардан Шан Кече» спектаклін қойды. Сондай-ақ, Ферғана облыстық мемлекеттік орыс драма театры «Крутые виражи» комедиясын, Тәжікстан Республикасының М. Вахидов атындағы мемлекеттік жастар театры «Ночь вдали от Родины», Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театры «Абылай» драмасын тарту етті. Ал, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры бұл өнер додасына осетин драматургы – Г. Хугаевтың «Қара шекпен» атты шоқтығы биік қойылымымен қатысты.

Бұл спектакль Алматы «Ислам мәдениетінің астанасы – 2015» болып жариялануына байланысты, Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысымен қойылған. Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең құдіреттісі де, ең ақылдысы да, ең әдемісі де – Адам… Ал, Біз, дәл осындай «дәрежеге» расымен, лайыкпыз ба?! Кез келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, жан азығынан мақұрым қалған адамдай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз… «Қара шекпен» спектаклі – осы сұрақтарға жауап іздеді.

Сөйтіп, қазылар алқасының шешімімен Тәжікстан Республикасының М. Вахидов атындағы мемлекеттік жастар театрының актері Абдумумин Шарифи «Үздік ер адам ролі» номинациясымен, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Ербол Садырбаев «Үздік эпизодтық ер адам ролі», Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры актрисасы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі Лидия Каден «Үздік эпизодтық әйел ролі» номинациясына лайық деп танылса, Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театры «Тарихи тақырыптағы қойылым», Ферғана облыстық мемлекеттік орыс драма театры «Актерлық дуэт», Қырғызстанның «Сахна» эксперименталды театры «Үздік актерлық ансамбль», тағы осы елден келген Талас облыстық музыкалық драма театры «Режиссураға деген актерлық адалдық» деген номинациялары бойынша марапатталды.

Оралхан Дәуіт.

Дерек, сурет: egemen.kz http://egemen.kz/2015/12/02/9281

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ғабит Мүсірепов театрының жаңа көркемдік жетекшісі тағайындалды

admin

“Әдебиет жұлдызы” бағдарламасы. Ғабит Мүсірепов туралы

admin

“Алтын сақа” фестивалі

admin