Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Сауле Тұрдахунова

admin

Турдахунова Сауле1977 жылы 27 мамырда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылында дүниеге келген.
1996-1999 жылдары Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің актер мамандығын бітірген.
2000-2004 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің психология бөлімін тәмамдады.
2000 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Дүрия, «Ақан сері – Ақтоқты» – Ақтоқты, В.Шекспир «Ромео-Джульетта» – Джульетта, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Жәмилә, Б.Римова «Көп ішінде – жалғыздар» – Самал, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – 2-ші сатушы, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Мехри, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Ақбала, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» -1-ші келіншек, С.Сматаев «Көгілдір такси» – Мәриям, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Е.Елубаев « Асар» – тиін, Ө.Боранбаев «Бәрінен күшті – қорқақ көжек» – күшік, түлкі, М.Ахманов «Наурыз думан» – тауық, т/б.