Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Рахман Омар: Ел алдында қалыптасқан бейнемді бұзғым келмейді

Театр және кино актері Рахман Омардың қазақ сахнасында өнер көрсетіп жүргеніне 22 жылға жуық уақыт болды.

Мұхтар Әуезовтің «Жас Абай», «Желсіз түнде жарық ай» драмаларындағы Абай, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында Жантық, Шыңғыс Айтматовтың «Жан азабында» Мәңгүрт рөлдерін сомдады.

22 жылда 50-ге жуық бейне сомдаған актер алғашқы кезде көпшілікке тек жағымды кейіпкерлер арқылы танылған. Жантық рөлі оны ерекше қырынан көрсеткен образ болды.

«Рахман – қай рөлге салсаң да, еркін, жеңіл игеріп әкететін актерлердің бірі. Актерлық импровизациясы басым. Бұл – театр саласында шеберліктің шыңы саналады», дейді режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Ахманов.

Кино саласында жұртшылық таяуда Рахман Омарды Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі арқылы көрді. Ал, телехикаяларға шақырған ұсыныстардың бәрін қабылдай бермейді. «Көп жағдайда оқиғасы көңілден шықпайды. Әр образды бір сомдап, ел алдында қалыптасқан бейнемді бұзғым келмейді», дейді актер.

Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жуырда Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» спектаклін сахналамақ. Қойылымдағы Зарқынбек атты кейіпкер Рахман Омардың үлесінде.

Спектакльге дайындық барысы туралы «Таңшолпаннан» көріңіз.

Ақпарат көзі: http://kaztv.kaztrk.kz/kz/news/portal/rahman-omar-el-aldynda-kalyptaskan-beinemdi-buzgym-kelmeidi

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрымыздың “Кейіпкер келбеті” бұрышында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған “Желтоқсан-86” тәуелсіз күрескерлерімен кездесу кеші өтті. Кеш соңы театр репертуарындағы С.Асылбекұлының “Желтоқсан желі” драмасымен аяқталды. Барша қатысқан қонақтар мен келген көрермендерге алғыс білдіреміз! Тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын!!! #Тəуелсіздіккүні #Кейіпкеркелбеті #Мүсіреповтеатры

admin

Алматыда балалар спектакльдерінің фестивалі өтеді

admin

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫНДА С.ҚАРАБАЛИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

admin