Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ҚР еңбек сіңірген артисі Мәкіл Құланбаев 90 жаста

Мәкіл Құланбаев 90 жаста

ҚР еңбек сіңірген артисі,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Құланбаев Мәкіл Иманәліұлы 1926 жылы 22 наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданы қазіргі Қаскелең қаласында дүниеге келген.

1941-1945 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясы жанындағы театр училищесінің актер мамандығын тәмамдаған.

1945-1948 жылдары алғашқы еңбек жолын Қызылорда қаласындағы облыстық музыкалық драма театрында алғашқы еңбек жолын бастайды. Жас актер Қызылорда театрының сахнасында Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» – Қодар, «Ақан сері-Ақтоқтысында» – Науан Хазірет, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» – Есен, У.Гаджыбековтің «Аршын мал Аланында» – Сұлтанбек, Л.Малюгиннің «Ескі достарындағы» – Володя, Ш.Құсайыновтың «Мәншүк Мәметовасында» – полковник Чудов секілді үлкен рөлдер ойнап, шеберлігін шыңдай білді.

1948 жылы жаңадан ашылған Қазақтың мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына ауыстырылып еңбек жолын бастап кетті.

Өзінің шығармашылық өнер жолында екі жүзден астам рөлдер ойнады. Солардың қатарында:

Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» – Қоңқай, М.Әуезовтің «Алуасында» – Назарбек, М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсаринінде» -Найзағара, «Алтын сақасында» – Алпамса, Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатында» – Фердинанд, Ж.Мольер «Скапеннің айласында» – Аргант, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында»- Әбутәліп болыс, «Ботагөзінде» -Амантай, «Қашқар қызы» -Қазы, Б.Майліннің «Шұғасында» – Пристав, Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесінде» – Махамбет, Ш.Құсайыновтың «Әл-Фарабиінде» – әл-Фараби, «Алғашқы ұшқындарда» – Ташмұрат, О.Бодықовтың «Отырар ертең қирайдыда» – Қадыр, Ш.Айтматовтың «Алғашқы мұғалімінде» -Дүйсен, «Арманым Әселімінде» – Аманжолов, Ә.Тәжібаевтың «Қыз бен солдатында» – Соқыр шал, «Жартасында» – Губернатор, С.Адамбековтің «Біздің үйдің жұлдыздарында» – Бухари Иван Волков, В.Соловьевтің «Қожанасырында» – Нияз шал, С.Шаймерденовтің «Дөкей келе жатыр» қойылымында – Көпей, С.Балғабаевтың « Қазақша күресінде» – Ғажайып ата, Ә.Тауасаровтың «Аса құрметті ИКС» қойылымында – Оқпан, Қ.Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайынында» – Жақай, «Өзіме де сол керек» – Садық, Т.Ахтановтың «Әке мен баласында» – Санжар, Н.Хикметтің «Әпендесінде» – Әпенде, Е.Уахитовтың «Алтын көрсе періште жолдан таяды» – Момын, Р.Сейітметовтің «Туған ұлдан не пайда» поэзиялық драмасында -Ауыл ақсақалы сияқты бірнеше кейіпкерлерді бейнеледі.

Айта берсек әрқайсысы бір-бір биік, кесек-кесек бейнелер әлемі, Мәкіл Құланбаевтың өз халқына сіңірген адал еңбегінің, ұлағатты ғұмырының белгісі. Ол Қазақстан мен Орта Азия, «Ленинфильм», «Мосфильм» киностудияларында 70-ке тарта рөлдер ойнаса, дубляж, телефильм, радиохабарлар жасаудағы еңбегінің өзі бір төбе.

Киносаласында да түскен фильмдері баршылық. Солардың бірнешеуін атап өтетін болсақ:

1940ж. «Райхан» – Бала, 1963 ж. «Менің атым Қожа» – Қаратай, «Жоғалған дос» – Естемесов, «Балалық шаққа саяхат» – Ыдырыс, «Алпамыс мектепке барады» – Атасы сияқты бірнеше фильмдерде бейнелер сомдаған дара актер.

Сахна саңлағының сан-салалы еңбек белестері әр жылдарда:

1971 жылы «Құрмет белгісі» орденімен,

1975 жылы Қазақстан Жоғарғы кеңесінің «Құрмет» грамотасымен,

1976 жылы Қазақстан Жастар Одағы «Құрмет» грамотасы және көптеген медальдармен марапатталды.

1977 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі» атағы берілді.

Ал, 1984 жылы «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты» атанды.

Сонымен қатар радиодан ертегі тыңдап өскен ұрпақтың жадында Мәкіл Құланбаевтың дыбыстаған ертедегі Ерден ата мен Жұмбақбай атаның даусы сақтаулы.

1993 жылы тамыздың 28-де, 67 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Үстіміздегі жылдың 24 қаңтарында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Мәкіл Құланбаевтың 90 жас еске алу кеші өтеді. Басталуы: 16.00-де.

Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/kr_enbek_sinirgen_artisi_makil_kulanbaev_90_zhasta20170119_161800

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыда актриса Тынышкүл Сұлтанбердиеваның мерейтойлық бенефисі өтеді

admin

Алматыда М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» дастаны сахналанды

admin

В самом расцвете лет!

admin