Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Премьера. Ғ.Мүсірепов театрында «Телғара» спектаклі қойылады

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 30-31 наурыз күндері Мұхтар Әуезовтің «Телғара» спектаклінің премьерасы өтеді.
Премьераның қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Хаджиев
Қоюшы суретші – Серік Омаров. Өнерсүйер қауымды жаңа қойылымның премьерасына шақырамыз.
«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла!» – деген Абай әлемін біз жете түсініп, Абай ғибратына толық қаныға алдық па?..
Азғындыққа қойылар тосқауылдар болады. Тобырлық сананы сілкінтетін не?.. Сұрқия менен сұр жыландарға тас атар кездер де болады. Міне, осындай тіршілік тұтқиылдарын ұғынған бала –Абай бірден есейіп кетеді. Есейткен кімдер?- Өз ортасы..
Абай – таусылмайтын әлем! Ендеше, көрермен!
«Жас Абайды» көріп, елге де бір есті керегін сезінгендей боласыз…
Ақпарат көзі: http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/37314/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жомарт Зейнәбілмен сырлы сұхбат

admin

“Бүгін жексенбі” бағдарламасының қонағы – ҚР еңбек сіңірген артистері Гүлжамал Қазақбаева мен Кәдірбек Демесін.

admin

Наурызбай ауданында ерекше мұқтаждығы бар балаларға арналған Жаңа жыл мерекесі өтті

admin