Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

ПРЕМЬЕРА

бауыр әлде махаббат?

Тағдыр тәлкегімен ата-анасынан айрылып, бауырларына қамқор болу жауапкершілігін өз мойнына алған Қамажай өз махаббатынан бас тарта алады ма?..

«ӘПКЕ» драмасы – қоғамның, адам санасының өзгерісін, оның ұлттық құндылықтарға тигізіп жатқан ықпалын ашып көрсетеді.

Бұл – әке-шешеден жастай жетім қалған балалардың тұрмысы, танымы, түсінік-білігі және бір-біріне қарым-қатынасы, олардың арасындағы шиеленісті жағдай арқылы жалпы қоғам болмысын, адами парыз бен борышты ұғындырып қана қоймай, көрерменнің, әсіресе, жастардың сана-сезімін сілкіп, терең ой қорытуға итермелейтін сахналық туынды.

Ардақты көрермен! 

Шығарма өткен ғасырда жазылса да, бір отбасындағы ағалы-қарындастың ара-қатынасы арқылы бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелерін көтеретін, режиссер М.Хабибуллин сахналаған жаңа қойылымды көруге асығайық…

Жастардың қазіргі болмысын сахнада көрсету арқылы мәні зор спектакль ұсыну – театрымыздың басты мақсаты.

Авторы – Дулат Исабеков

Режиссері – Мейрам Хабибуллин

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

10 қараша күні “Кейiпкер келбетi” мейман-бұрышының қонақтарымен болған сырлы сұхбат өз дәрежесiнде өттi. Әртiстер өздерiнiң сүйiктi көрермендерiнiң қиын да, қызық сұрақтарына барынша шынайы жауап берiп, аяқ асты бiлдiрiлген өтiнiштерiн жерге тастамай, ән айт десе ән айтып, роль ойна десе, оған да саспай, барынша корермендерге әдемi, сырлы сұхбат ұсына бiлдi. Әзiлi жарасқан актерлар – бiздiң – фан-клубтың дайындаған күтпеген тапсырмасын да ойдағыдай алып шықты. Бүгiн келген барлық көрермендердiң атынан шынайы, әдемi, әсерлi сұхбаттары үшiн актерларға үлкен рахмет айтамыз! Қысылмай, еркiн өз ойларын айтып, сұрақ қойып, сұхбаттың қызықты өтуiне үлес қосқан барша көрермендерге де алғысымыз шексiз! Театрда жүздесейiк!!!

admin

«Құланбаевтар династиясының» дарасы

admin

История под витринами

admin