Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«ОЛ» – үздік қойылым

13241152_1701506890108476_6868909677349420178_nКөкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ драма театрында 18-20 мамыр аралығында Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің 60 жылдығына орай Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы оқу орындарының студенттік ұжымдары мен театр жастарының II Халықаралық “Дидар” театр өнерінің экспериментальдық фестиваль – лабораториясы өтті. Оған  Қазақстанның Ақтөбе, Алматы, Көкшетау, Қызылжар  қалаларынан және Ресейдің Марий-Эл Республикасынан театрлар қатысты.

            Фестивальде бағдарлама бойынша экспериментальді қойылымдармен қатар түрлі шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Яғни, фестиваль тек спектакль көрсетуді ғана мақсат тұтпаған. Оның басты нысанасы – театр өнерінің деңгейін көтеріп, оны дамыту үшін  тәжірибе алмасу, пікір алысу.     Фестиваль жастықтың жалын атқан жаңа буын жастардың қатысуымен форматтары бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі  қойылымдармен ерекшеленеді. Солардың ішінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қойған Е.Аманшаевтың «Ол» моноспектаклі өнерсүйер қауымның көзайымына айналды. Қойылымның көркемдік-идеялық мақсаты – қазіргі әлеуметтік қоғамға сай саналы ұрпақ, салиқалы тұлға қалыптастыру. Бұл спектакльдің көрерменге рухани азық беруде маңызы орасан зор екендігі қойылым барысында айқындалды.  

        Режиссер Ерлан Кәрібаевтың трактовкасы бойынша жеке адамның сан түрлі ойлары мен оның мағынасыз тағдырының өзі бүгінгі замандағы әлеуметтік қайшылықтарды көрсетеді. Басты рольдегі актер Данияр Базарқұлов  «Ол» кейіпкерінің өмірден өз орнын іздеген философиялық толғанысын, шынайы шындықтың құпиясын жан-жақты қарастыруға ұмтылған іштей тартысы фестиваль көрермендерін толғандырды. Ал, Жансұлу Төлеген орындауындағы қобыздың мұңлы үні қойылым атмосферасын жандандырды. Бұл спектакль қазылар алқасының шешімімен «Ең үздік қойылым» жүлдесін жеңіп алды. Жалпы, феcтивальге қатысқан өнер ордалары мен жан-жақтан жиналған көрермен қауым спектакльдерді көріп қуаттанып, рухани азық алды. Осындай тәжірибе арттыратын өнер сайыстары ары қарай өз жалғасын табатынынына сеніміміз мол.  

Ақпарат көзі: http://www.qazaq-alemi.kz/news?id=2815

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Кейіпкер келбеті — Данияр Базарқұлов

admin

Әмина Өмірзақова. «Ана жүрегі». «Тарих. Тағдыр. Тұлға»

admin

ЖАС РЕЖИССЕРЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

admin