Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Махаббат, қызық мол жылдар

admin

«Махаббат, қызық мол жылдар»

( аннотация )

автор: Ә.Нұршайықов

реж.: Ф.Молдағали

«Гүл бақшасында болып па едіңіз? Гүл ашылған ғажайып сәтті
көріп пе едіңіз? Бақшаның жер нәрі, күн нұрына қанып, толысқан ақ,
қызыл, қызғылт, сары, көк гүлдері біртіндеп, бірімен бірі жарыса ашыла
бастағанда жаныңызды ләззат кернеп, өз-өзіңізден өзгеше бір рақатқа
кенелмейтін бе едіңіз. Сол гүлдердің торғыннан жұқа әсем
үлбіректерінің әр дірілі жаныңызды толқын-толқын қуаныш боп кернеп,
басқаның бәрін ұмыттырып, елжіретіп, елтітіп әкетпейтін бе еді?!»
«Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасын білмейтін жан
кемде-кем шығар… Ербол мен Меңтайдың арасындағы тұмадай тұнық
сүйіспеншілік әрбір жасқа үлгі-өнеге боларлық.
Жастық жалын, махаббатқа адалдық, сыйластық пен сырлы
сезімдер әр кезең жастары үшін керек.