Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов театрының мерейтойы

1992 жылы Ғ. Мүсіреповтің 90 жылдығының құрметіне театрға Ұлы жазушының есімі берілді. Ал, 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейтойына орай Академиялық дәрежесі берілді.

Театрдың өсіп-өркендеуі мен кәсіптік деңгейінің көтерілуіне Н.И.Сацтан бастап, режиссерлер: С.Шәріпов, Т.Сидоров, Мен Дон Ук, С.Естемесова, Г.Хайруллина, В.Пұсырманов, Е.Обаев, М.Байсеркенов, Қ.Жетпісбаев, Р.Сейтметов, Ж.Хаджиев, Н.Жақыпбай, Т.Теменов, М.Ахманов, Ж.Жұманбай мол үлес қосты.

Әр жылдарда театрға келген сахна шеберлері Қазақстан Республикасының халық артистері – Б.Қалтаев, С.Саттарова, К.Қожабеков, Ә.Өмірзақова, М.Бақтыгереев, Р.Әшірбекова, А.Кенжеков, Д.Жолжақсынов, Т.Мейрамов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері – М.Құланбаев, Б.Құланбаева, М.Жақсымбетова, К.Мұраталиева, А.Айдарбеков, С.Есенқұлов, Г.Қазақбаева, Л.Кәден, Т.Құралиев, К.Демесін, А.Бектеміров, Е.Төлеубай, С.Жылгелдиев, Ж.Лебаева. Сонымен қатар, бүгінде репертуардың ауыр жүгін көтеріп жүрген – Б.Сейітмамытұлы, Ә.Мәмбетова, С.Рақышев, Қ.Қуандықов, К.Белжанова, Р.Қалиолдина, Ж.Зейнәбіл, Р.Омаров, Л.Серікова, А.Иманбаева, және театрдың талантты жастары – Е.Рамазанов, Е.Садырбаев, Ә.Иманғалиев, Д.Базарқұлов, А.Дайрабаева, Д.Әбікеева, Е.Кәрібаев, Қ.Тұрдалин, Б.Камаранов, С.Ерзатқызы, Н.Мыңғатова, Б.Тушаев, А.Қаймақбаева, Ж.Мақашева, М.Әджібеков, Г.Сағынғалиева, Т.Нұрбекова, А.Әділова, Г.Байбосынова, Е.Отарбаев, Д.Сүлейменов, М.Сәбитов, М.Қонысқызы, Д.Абдуллина, Т.Келімбетов, Г.Ергешова, А.Жантілеуова, Д.Шымырбаева, Ұ.Болатбек, Ә.Есжан, Е.Идрисов, Е.Күншібаев, тағы басқа артистер қазақ театрының тұғыры биік болуы мен сахна өнерінің одан әрі іргелі өрлеуі жолында жігерлі еңбек етуде.

Бүгінде, театр ұлттық сахна өнерінің ұлы көшбасшылары салған жолдағы ұлағатты да дәстүрлі үрдіс құндылықтарын сақтай отырып, шығармашылық жаңа белестерге жету жолындағы ізденіс қарымын одан әрі шыңдап келеді.

Ақпарат көзі:https://baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/gmusirepov_teatrinin_mereitoii

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Түрімді ұмытып қалды” Назарбаевтың рөлін сомдаған актер көрген қиындықтары туралы айтты

admin

«Қазақконцерт әлемі: Бізге 60 жыл» мерейтойлық концертінің көрсетілімін ұсынамыз!

admin

The Aston Martin Vanquish Volante is on display

admin