Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрынан тарту

Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының репертуары “Томпақпен келген Жаңа жыл” атты жаңа қойылыммен толықты. Бір ай көлемінде пысықталып, сахнаға алғаш шыққан қойылымды бүгін мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары алғашқылардың бірі болып тамашалады.

Қойылым барысында бүлдіршіндер Томпақ атты кейіпкермен бірге өзге ғаламшарларды аралап, онда өмір сүретін ерекше кейіпкерлермен бірге қызықты оқиғаларды бастан кешіреді. Театр ұжымы шетелдік кейіпкерлерден бас тартып, бойлы қуыршақтар мен түрлі маскалардың көмегімен жаңа образдар ойлап шығардық -деп отыр. Бұл жолғы қойылым әдеттегідей ресейлік не шетелдік ертегілердің көшірмесі емес, “Томпақ” атты отандық сериал негізінде сахналанған. Қойылымның сценариін сол сериалдың сценарисі Батырхан Дәуренбеков жазған екен.

Ақпарат көзі: http://www.31.kz/video/show/id/10898/show/ib

Сәйкес жаңалықтар

“Томпакпен келген Жана жыл” атты ертенгилик койылымдарга шакырамыз.

admin

…Елімізде болып жатқан дүрбелең жағдайға қатты қынжыламыз.

admin

САҢЛАҚТАРДЫҢ САРҚЫТЫ

admin