Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Мұрат Ахмановтың 40 жылдық шығармашылығына арналған апталық

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, “Құрмет” орденінің иегері, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық академиясының доценті, театр және кино актеры, режиссер Мұрат Ахмановтың 40 жылдық шығармашылығына арналған апталық.

 Қадірлі көрермен апта бойы Мұрат Ноянбайұлының режиссерлығымен сахналанған театр репертуарындағы шоқтығы биік қойылымдарды тамашалай алады.

22 қараша Иран-Ғайыптың “Фатима” қасірет-намасы;
23 қараша М. Мақатаевтың “Райымбек! Райымбек!” поэтикалық дастаны;
24 қараша Иран-Ғайыптың “Естайдың Қорланы” махаббат-намасы;
27 қараша Ә.Оразбековтің “Бір түп алма ағашы” драмасы;
29, 30 қараша С.Асылбекұлының “Желтоқсан желі” драмасы;

23, 24 қараша М.Ахмановтың «Ай мен Күн» музыкалық ертегісі
Мұрат Ахманов режиссерлық мамандықты кәсіби игергеннен бастап, Ғ.Мүсірепов театрына қоюшы-режиссер болып келгенге, яғни, 2010 жылға дейін, қазақ және шетел классиктері мен отандық драматургтердің шығармаларынан Жамбыл, Талдықорған, Жезқазған, Петропавл, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстық және Алматы қаласындағы театрларда 50-ден астам қойылым сахналаған.

Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/murat_ahmanovtin_40_zhildik_shigarmashiligina_arnalgan__aptalik20161121_171300

 

 

Сәйкес жаңалықтар

“Қайырлы таң” бағдарламасында театр артисі Дархан Сүлейменов.

admin

Red Sport Car Mercedes-Benz C63 AMG Drive Speed.

admin

ҚОЗЫ МЕН БАЯН БОЛЫП ТАБЫСҚАН…

admin