Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

“Ұлымыз етікші болсын…”

“Ұлымыз етікші болсын…” «1937 жылы қараша айында Болат дүниеге келді. Ол кезде әкемізді тамыз айында тұтқынға алып кеткен. Жағдайымыз өте қиын болды. Әкеміз – «халық жауы». Шешемізді «4 балаңмен қайда барсаң, онда бар» деп пәтерінен қуып шыққан. Сол кезде біз Бейімбет Майлиндердің отбасымен бірге тұрдық. Шешем әкеме кездесуге барып келе жатқанда жолда толғатыпты. Күн суық. Сонда Майлиннің әйелі Гүлжамал шешемді көшеде үстіне пальтосын қалқалап жүріп, босандырып алыпты. Содан Болаттың қолының мүкістігі бар болып туылды. Болат әкеміз «ұсталып» кеткен соң туылғандықтан, шешемнің фамилиясына жазылған. Құндақтағы баласын әкемізге көрсетуге алып барғанда: «Бұл ұлымыз етікші болсын, етік тігуге үйрет бұл ұлды», – депті. Тергеушінің: «Өзіңіздей жазушы болар», – дегеніне: «Жазушы болып жазықсыз жаза тартқанша, етікші болып еркін өмір сүрсін», – депті. І.Жансүгіровтің қызы Ильфаның естелігінен

Ақпарат көзі: http://bmtv.kz/kz/entsiklopediya/bilgenge-marzhan/item/17052-lymyz-etikshi-bolsyn

Сәйкес жаңалықтар

Close up fashion portrait, happy new year.

admin

Бүгін театрымыздың керемет артисі, кез келген кейіпкерінің бейнесін аса шеберлікпен сомдайтын дарынды актер – Ербол Садырбаевты жаңа жасымен шын жүректен құттықтаймыз!!! Өнердің төрінен көрінуіңізге тілектеспіз! 100 жасаңыз!

admin

Бүгінгі таңда еліміздің балалар үйі мен қарттар үйінің босағасын аттаған сə би мен қарияларымыздың саны күн санап артып келеді.

admin