Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

І Республикалық жастар театрлары фестивалі

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры бүгінде еліміздің мәдениетін дамытып, өркендету жолында қызмет етуде. Театр әлеміндегі жас режиссерлердің жетістіктерін насихаттап, олардың кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында театрымызда І Республикалық жастар театрлары фестивалі ұйымдастырылғалы отыр.

Қазақстандық режиссерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілетін фестивальде көрермендер отандық 8 режиссердің туындыларымен таныс болады. Атап айтқанда, Гүлназ Балпейісова, Мейрам Хабибуллин, Антон Зайцев, Әлібек Өмірбекұлы, Шағуан Үмбетқалиев, Анна Цой, Әридаш Оспанбаева және Шыңғыс Жақыпбай сынды 35 жасқа дейін режиссерлердің таңдаулы қойылымдары сахналанады. Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық драма театры т.б ұжымдары үздік қойылымдарын ұсынады.  Фестивальде театр өнеріне зор еңбегі сіңген қайраткерлер Нұрқанат Жақыпбай, Есмұқан Обаев, Талғат Теменов, Әубәкір Рахимов, Қуандық Қасымов, Гүлсина Мирғалиева, Мұрат Ахманов арнайы шақырылған қонақтар ретінде бой көрсетеді.

Ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын үйлестіре отырып, жас режиссерлердің қалыптасу жолында ұйымдастырылып жатқан І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ТЕАТРЛАРЫ фестивалің РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ қарашаның 1-ші жұлдызында, сағат 17:00-де өтеді. Шара барысында елімізде үздік деп танылған қойылылым режиссерлері марапатталады.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Мәдениет гардеробтан басталады”. Гардеробшы Айнұр қазақстандықтардың мәдениеті туралы

admin

Алматыда Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы тойланды

admin

Бүгін театрымыздың актеры, Республикалық əнші-актерлар байқауының лауреаты Сүндет Бектауовты туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Басына амандық, деніне саулық, еңбегіне жеміс тілейміз! 100 жасаңыз!

admin