Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Жаңалықтар

ХАЛЫҚ ӘРТІСІ РОЗА ӘШІРБЕКОВА 80 ЖАСТА

Ғұмырын театр өнеріне арнаған белгілі актриса Роза Әшірбекова 80 жаста. Драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Енелер мен келіндер» шығармасы Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театр басшылығының ұсынысымен ҚР Халық әртісі Роза Әшірбекованың мерейтойына арнайы жазылған. Бұл қойылым 80 жасқа толған актрисаның көрерменге тартуы деуге де болады. «Бақытты да, басқа да күндер болып жатады. Алайда бүгінгі күн – ерекше. Ұжымыма алғысым шексіз. Менің театрым – ерекше театр. Басшыларымыздың үлкен апаларға, ағаларға құрметі – ерекше» , – дейді Роза Әшірбекова 60 жыл ғұмырын тек бір ғана театрға арнаған сахна саңылағы осы уақыт ішінде ұлттық және әлемдік драматургияда әйелдер бейнесінің ерекше бір галереясын жасады. Белгілі бір өнер иесіне арналған кез келген туынды оның табиғатына, актерлік қабілетіне, тіпті ішкі жан дүниесіне лайықталатыны белгілі. Жаратушыдан берілген талант еңбекқорлық пен ізденіс ұштасып жатса, ол өнер иесі үшін үлкен бақыт. Роза Әшірбекованың шеберлігі, қажыр-қайраты актрисаның тек өнер үшін жаралғандығының көрінісі.

Ақпарат көзі: https://kaztrk.kz/news/portal/halyq-artisi-roza-ashirbekova-80-zhasta-114479

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

1 Қыркүйек- “Білім күні” құтты болсын!

admin

30 қараша дәл қазiргi сәт. Бiздiң театр эстрада жұлдыздырынан құралған “Алатау” командасын жеңдi. Ендi Әуезов театрының командасымен ойнауда! Алғаааа, Мүсiрепов театры!!!

admin

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МӘДЕНИ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ КҮН

admin