Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

ГҮЛБАХРАМ БАЙБОСЫНОВА

ГҮЛБАХРАМ БАЙБОСЫНОВА

Байбосынова Гүлбаһрам Ахатқызы – 1987 жылы, 27 шілдеде Жезқазған қаласында дүниеге келген.

2005-2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Театр және кино» актері мамандығы білім алды.

2009 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс істейді.

Ойнаған рөлдері: Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» Марфуға, Жәмила, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» Мухайе, Нигора, С.Сматаев «Көгілдір такси» Мариям, Т.Теменов «Шығыс сазы» Патшайым,  «Махаббат сазы» Қыз, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» Элиза, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» Актриса, «Таудағы түн» Мәдина, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» Ана, М.Әуезов «Ай Қарагөз…» Қарагөз, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» Нина, Э.Хушвақтов «Сүйе білсең» Рушана және тағы басқа.

Байбосыноа Г__лбахрам1.Гүлбахрам бүгінгі таңда театрда біраз рөлдерді ойнап жүрсің, актриса үшін рөл алу бақытпа саған?

Әрине әртіс болған соң, театрда жұмыс істеген соң, ол әр адамға бақыт мен үшін. 5-6 жыл болды осы театрда жұмыс істеп жатқаныма. Басында келгенде көреді, сынайды, қолынан келе ма келмейма соны қарайды. Сосын бізде яғни ввод деген болады. Соған түсесің. Менің бірінші спектаклім С.Сматаевтың «Көгілдір такси» (реж.Т.Теменов) өзіме табиғатыма жақын рөл болды. Әлі де басқа қырымнан да өнерімді тәнтті етермін.

2.Өзің танымал актрисалардың қатарынан көрініп жүрсің, қандай фильмдерге түстің?

Иә. Енді мен әлі де жұмыс көп, әлі де болса кинолар көп. Көрермендер көреді менің фильмдерге түскенімді. Мен Е.Тұрсыновтың «Шал» фильмінде – Ана бейнесін сомдадым. Өзіме ұнайды сол кино. Сосын А.Сатаевтың «Қара шаңырақ» телехикаясында – Алтынай рөлі. Әрбір рөлім менің оң жамбасыма келеді. Ең бірінші кинодағы тәжірибелі телехикая «Жасұлан» деп аталады (реж. С.Өтепбергенов). Мұнда мен өзімді басқа қырымнан көрсеттім. Әскери лейтенант қыздың рөлі.

  1. Бүгінгі таңда «Қара шаңырақ» телехикаясында Алтынай рөлін ойнадың. Келінді ойнау саған қиынға соқпады ма?

Негізі қиынға соққан жоқ, бірақ біраз нәрсе үйрендім. Үйде әпкелерім бар солардың балаларын қарадым, көп нәрсені үйретті. Сондықтан болар солардан үйреніп осы рөлді шығардым. Алтынай рөлі –  менің мінезіме жақындау болды. Ол өзінің қарапайымдылығын, адалдығын, беріктігін көрсеткен келін, жолдасы Мәди не көрсетпеді, соның сөзіне төзіп, шыдамдылығын көрсете білді.

KMS_18804.Болашақта келін болып, жар сүю ойыңда барма?

Әрине бар. Қыз бала болғандықтан бар деймін. Сахнада ойнап жүрсемде ойым сонда болады. Қашан тұрмыс құрып, бала сүю бақытына кенелемін деп. Әр қыз баланың арманы жар сүйіп, ана болу. Алла тағалла жер бетіне әйел адамды жаратқаннан кейін – жар сүйіп, ана атану оның басты парызы. Меніңде арманым осы.

5.Шығармашылығыңда бүгінгі таңда қандай өзгерістер болып жатыр, жалпы театр мен кинода?

Менің өнерім – жалпы театрдан шықты. Театрдан үлкен тәжірибе алам. Спектакльдерде ойнап, сахна артында күтіп отырамызғой өз кезегімізді, сонда әріптестерімнің айтқаны бар «Гүлбаһрам сен кәдімгідей өсіпсің, тәжірибелі актриса ретінде деп айтқандары бар. Мен өте қуаныштымын. Себебі мен театрға алғаш келген кезде кішкене істеймінде, кетемін деген ой болған телевидение саласына. Театрға бір кірген соң шыға алмай жүресің, кинода сондай. Ал киноға барғанда басында кастингтерге барасың, бірақ басты немесе үлкен көрсете білетін рөл болса – ең үлкен бақыт сол. Киноға елу пайыз көрсете білдім деп ойлаймын. «Қара шаңырақ» телехикаясынан кейін кастингтерден әлі өтпедім. Қазіргі таңда менде театрда жаңа рөлдер алып жатырмын оның бірі жақында ғана тұсауы кесілген Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әфсанасы мен Т.Ахтановтың «АНТ» тарихи қойылымдарында  Сылаң (қу түлкі) мен Бәтима ханымның рөлі. Оның үстінде күнделікті балаларға арналған қойылымдарда ойнаймын. Осындай мендегі жаңалық.

Рахмет әңгімеңізге!

Сұхбаттасқан: Гүлназ Әділғалиқызы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНДА «СЕҢ» ҚОЗҒАЛДЫ

admin

86 жылғы оқиға – Қазақ халқының басынан өткен небір нәубеттің нүктесі іспетті. Сол нүкте қойылып, елімізде бейбіт, тыныш заман орнады. Тәуелсіз ел болдық. Өз басшымыз, өз туымыз, өз әнұранымыз болды. Сол оқиғадан кейін қазақ дейтін өр халықты танитын болды әлем. Құрметтейтін, бас иетін болды. 86 жылы алаңға шыққан сол кездегі жастар – қазірде ұрпағын Тәуелсіз елде тәрбиелеп отырған бақытты жандар десек те, ол оқиға бұл кісілердің жүрегіне өшпес жара салған, ең қорқынышты да, қиын кезең болып естерінде қалып отыр. Жазықсыздан жазықсыз, қыршыннан қиылған жап-жас жолдастарынан көз алдында айрылып қалу – ешқашан ұмытылмаса керек. Наркомандар, бұзақылар деп түрмеге жапқанда, жазықсыз екендіктерін дәлелдей алмай ашынған шығар. Желтоқсан оқиғасына қатысып, Тәуелсiздiк үшiн күрескен аға-әпкелерiмiз, атап айтсақ, Республикалық “Желтоқсан-86″ Тәуелсiздiк қырандары” Халық қаһармандары қозғаласы төрайымы – Жүнiс Гүлбаһрам Есмұратқызы, “Желтоқсан-86” Республикалық тәуелсiздiк күрескерлерi – Сейтiмбет Үсiпхан ағамыз бен Сейтiмбет Гүлнар апамыз бүгiн #КейiпкерКелбетiмейман бұрышында қонақ болып, көрермендердiң сұрақтарына жауап бердi. Кездесуден естелiк суреттер.

admin

«Сахнагер – 2018» Ұлттық театр жүлдесінің иегерлері анықталды

admin