Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ерекше жастықтың құпиясы

Менің театр десе «ішер асымды жерге қояр» жан екенімді білесіздер ғойJ Өйткені, керемет қойылымдардың арқасында рухани жағынан баюмен қатар, бір серпіліп қаламын.  Жақында мен  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен  Олжас  Жанайдаровтың «Жастық туралы…» аллегориясының премьерасына барып қайтқан болатынмын.

Ресейдің көптеген театрларында «Душа подушки» атауымен ұсынылғанқойылым  жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың аудармасымен  «Жастық туралы…» деген атпен көрерменге жол тартыпты.

Қойылымнан алған әсерімді сіздермен бөлісуді жөн көріп отырмын. Барлықтарыңызды осы премьераны көруге кеңес берем. «Жастық туралы…» аллегориясы өмірді өз қалауымша сүрейін бе, әлде тағдырдың жазғанына көнейін бе деген сияқты сан түрлі сауалға жан-жақты жауап іздейді.

Диолог түріндегі қойылым ойыншықтар әлемі арқылы көрерменнің қиялына қанат бітіре отырып, өзгеше күй кешіп, адам болып өмірге келудегі мақсатын түсінудің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізеді.

Пьесада кәдімгі күнделікті өзіміз жастанып жататын жастық арқылы өмірдің небір тылсым да, күрделі тұстары әдемі көрсетіледі.

Актерлік құрамның шеберлігіне бас имеу мүмкін емес. Оқиға бір жерде орын алатынына қарамастан, әрқайсысысының өз рөлін сәтті алып шығуы көрерменін өзіне жақындата түсті деуге болады. Актерлердің өз рөлдерін шынайы ойнағаны соншалық, бір сәтке барлық дүниені ұмытып, солардың ішкі әлеміне еніп кеттім.

Басты рөл  «қарақұмық жастықты» ойнаған Дархан Сүлейменов рөлге сәт­ті таңдалған актер екені сөзсіз. Өмірде өз орынын таба алмай, басын тауға да, тасқа да ұратын адам образын жақсы қалыптастырғаны көрініп тұр.

 

Динара Нұрболаттың кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді «Пэппиіді» келтіруіне қатты сүйсіндім. Ал, жан дүниесі ерекше Эмма ше? Эххх, Эмма, десе, Эмма ғой, шіркін?… Сахнадағы өзгеше отырысымен, өмірлік тағылымы бар сөздерімен өзіне ерекше назар аудартты.

Премьераның  маған  ұнаған тұсы қазіргі кезде орын алып жатқан өзгерістердің мысал ретінде кіріктірілуінде болды. Мысалы, ЦОН жайлы эпизод барша көрерменді күлдіре отырып, оның халыққа қандай әсер еткенін ұғындырды.

P.S.   Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының  ұжымы күні бүгінге дейін талай озық сахналық қойылымдарды көрермен назарына ұсынды. Бүгінгі репертуары жергілікті авторлармен қатар, әлемдік және орыс классиктерінің туындыларына бай. Аталған театрдың алға қойған мақсаты да  көзі қарақты көрерменге сапалы қойылым қойып, салт-санамызға сай спектакль ұсыну.

 

 

Өнер саласының ішінде театрдың алар орны қашанда бөлек. Көрермен көңілін нұрға, жүрегін жырға бөлейтін де, қоғамның рухына дем, ішкі жан дүниесіне ем беретін де  – театр өнері. Ендеше, халқымыздың талғамын тәрбиелеп, рухани байыта түсуге қызмет етіп келе жатқан театр ұжымына еңбектеріңіз жансын деп ізгі ниетімді білдірмекпін.

Театр – адам жанына керемет әсер сыйлайтын өзгеше әлем. Мына қым-қуат өмірде шаршап, өзіңізге мәдени демалыс жариялағыңыз келсе, міндетті түрде театрға барыңыз! Себебі, ол  – адамға түрлі ой сала отырып, бойына жаңа серпіліс сыйлайтын таптырмас мекен.

Фотосуреттер театр ұжымының мұрағатынан алынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Қара шекпен” спектаклінің соңы, қазылар алқасы мен көрерменнің қошеметі. Тараз қаласы.

admin

Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаты – Бақыт Тушаев. Құттықтаймыз!!!

admin

Мүсірепов театрында “Баянсыз бақ” драмасы сахналанды (видео)

admin