Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Е.Садырбаев “Шалқар” радиосында қонақта

Театр және кино актеры – Ербол Садырбаев “Шалқар” радиосы тікелей эфирінің бүгінгі қонағы.
Сұхбатта актердің театр және кинорольдері, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 70-ші мерейтойлық маусымының ашылуы, алдағы премьералар жайлы сөз қозғалды.

Сәйкес жаңалықтар

Театрымыздың актеры – сегіз қырлы, бір сырлы азамат Талғат Келімбетовті 1 желтоқсан күні туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Денің сау, жақындарын аман, өнерің өрге жүзе берсін! Шығармашылық биіктерді бағындыруыңа тілектеспіз!

admin

10 қараша күні “Кейiпкер келбетi” мейман-бұрышының қонақтарымен болған сырлы сұхбат өз дәрежесiнде өттi. Әртiстер өздерiнiң сүйiктi көрермендерiнiң қиын да, қызық сұрақтарына барынша шынайы жауап берiп, аяқ асты бiлдiрiлген өтiнiштерiн жерге тастамай, ән айт десе ән айтып, роль ойна десе, оған да саспай, барынша корермендерге әдемi, сырлы сұхбат ұсына бiлдi. Әзiлi жарасқан актерлар – бiздiң – фан-клубтың дайындаған күтпеген тапсырмасын да ойдағыдай алып шықты. Бүгiн келген барлық көрермендердiң атынан шынайы, әдемi, әсерлi сұхбаттары үшiн актерларға үлкен рахмет айтамыз! Қысылмай, еркiн өз ойларын айтып, сұрақ қойып, сұхбаттың қызықты өтуiне үлес қосқан барша көрермендерге де алғысымыз шексiз! Театрда жүздесейiк!!!

admin

Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаты – Бақыт Тушаев. Құттықтаймыз!!!

admin