Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Мекеме жаңалықтары

Мекеме жаңалықтары

13-қараша күні сағат 17.15-те “Кейіпкер келбеті” мейман бұрышы кезекті кездесуін өткізеді. Театрымыздың актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры – Əсел Мəмбетова көрермен көкейіндегі сан сауалдарға жауап береді. Қызықты кештен құр қалмайық, қадірлі көрермен!

admin
13-қараша күні сағат 17.15-те “Кейіпкер келбеті” мейман бұрышы кезекті кездесуін өткізеді. Театрымыздың актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры –
Мекеме жаңалықтары

“Кейіпкер келбеті” қонақтары мен көрермендері кездесуінің жақсы өтуіне қолғабыс көрсетіп, өздерінің тың идеялары, қызықты ойындары, ұшқыр ойлары және кейіпкерлерімізге арнап өлең шығарып, кештің қыза түсуіне керемет атсалысқан – театрымыздың ФАН-КЛУБ жастарына алғыс білдіреміз!

admin
“Кейіпкер келбеті” қонақтары мен көрермендері кездесуінің жақсы өтуіне қолғабыс көрсетіп, өздерінің тың идеялары, қызықты ойындары, ұшқыр ойлары және кейіпкерлерімізге арнап өлең шығарып, кештің қыза түсуіне
Мекеме жаңалықтары

10 қараша күні “Кейiпкер келбетi” мейман-бұрышының қонақтарымен болған сырлы сұхбат өз дәрежесiнде өттi. Әртiстер өздерiнiң сүйiктi көрермендерiнiң қиын да, қызық сұрақтарына барынша шынайы жауап берiп, аяқ асты бiлдiрiлген өтiнiштерiн жерге тастамай, ән айт десе ән айтып, роль ойна десе, оған да саспай, барынша корермендерге әдемi, сырлы сұхбат ұсына бiлдi. Әзiлi жарасқан актерлар – бiздiң – фан-клубтың дайындаған күтпеген тапсырмасын да ойдағыдай алып шықты. Бүгiн келген барлық көрермендердiң атынан шынайы, әдемi, әсерлi сұхбаттары үшiн актерларға үлкен рахмет айтамыз! Қысылмай, еркiн өз ойларын айтып, сұрақ қойып, сұхбаттың қызықты өтуiне үлес қосқан барша көрермендерге де алғысымыз шексiз! Театрда жүздесейiк!!!

admin
10 қараша күні  “Кейiпкер келбетi” мейман-бұрышының қонақтарымен болған сырлы сұхбат өз дәрежесiнде өттi. Әртiстер өздерiнiң сүйiктi көрермендерiнiң қиын да, қызық сұрақтарына барынша шынайы жауап берiп, аяқ