Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

БАҚ өкілдерінің назарына!

Ш.ҚҰСАИНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ

МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАҚ өкілдерінің назарына!

2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы атап өтілуде. Ең басты мәселе – Қазақстан Халықтар Ассамблеясы көтерген Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуі болып отыр.

Осы орайда, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, көптеген саңлақтарды дүниеге әкелген киелі топырақ – Ақмола өңірінінің жұртшылығымен дидарласып, шығармашылық жетістіктерімізбен бөлісіп, Көкшетау халқына жаңа да тың сахналық туындыларымызды паш етпек ойдамыз.

Ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалысаясатының өзегі – ел бірлігін сақтау. Бірліктің арқасында еңселі ел болудың даңғыл жолына түсіп, әлеуетіміз артып, дәулетіміз еселенуде. Елбасымыз ұстанған осы бағыт-бағдарды алдымызға жаққан жарық шырақтай игі мұрат-мүддеміз етіп, еліміздің патриот азаматы ретінде қолдап-қуаттауды басты парызымыз деп санаймыз.

Театр, кино сүйер қауымның көзайымына айналған Лидия Кәденова, Сағат Жылгелдиев, Жібек Лебаева, Шолпан Сіргебаева, Әсет Иманғалиев,  Бақыт Тушаев, Гүлбахрам Байбосынова, Данияр Базарқұлов, т.б артистеріміз өз өнерлерін паш етпек.

 

Көрерменге ұсынылатын  қойылымдар:

1) 15 сәуір «Естайдың  Қорланы» (авт. Иран-Ғайып, реж. М. Ахманов) махаббат-намасы.

2)  16 сәуір «Келіндер көтерілісі» (авт. С.Ахмад, реж. М.Ахманов) комедиясы;

3) 15-17 «Ер көжек» (авт. Ө.Боранбаев, реж.И.Әбілмәжінов) ертегісі;

4)  17 сәуір «Қара шекпен» (авт. Г.Хугаев, реж.А.Маемиров) әфсанасы.

 

Баспасөз бөлімі

тел: 87016437909

Есенжанова Гүлзия

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ТЮЗ имени Габита Мусрепова открыл 70-й сезон премьерным спектаклем «Райымбек! Райымбек!».

admin

9 желтоқсанда өткен желтоқсаншылармен кездесу күні есте қаларлықтай дүниелермен толықты. Бәріміз ерекше көңіл-күйді жыр ете айта шығатын, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Желтоқсан-86” тәуелсіз күрескерлермен кездесу өтті. Қиын-қыстау заманның кейіпкерлері 1986 жыл 16 желтоқсанды терең күрсініспен еске алды және әрбір оқушының сауалына жауап қатып, пікірін тыңдап ой қорыта білді. Аталмыш шарадағы батыр апа-ағаларымыздың ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан қаралы да қасіретті күні тыңдап отырған бізді де бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ, ерліктің ащы тұстары айтыла түсіп, жыл сайын күрескерлер ақталып, осы бір қазақтың қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатқан “Желтоқсан оқиғасы” бүгінде қолға алынып, өзіндік мәртебеге ие болғандығы көңіл қуантатынын жасырмаймыз. Сан ғасыр арман еткен Тәуелсіздіктің туы қаһармандардың арқасында келіп жетіп, желбірей түсуде. Өкінішті сәттердің, соның ішінде, сан мыңдаған батырларымыздан қол үзіп қалғанымызбен, олардың қазақ деп ұрандатқан ащы айқайы әрдайым санамызда, жадымызда мәңгілік жаңғырып тұр. Кездесу, Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен аға-әпкелеріміздің әңгімелерімен қыза түсті. Өзіндік ойымен қарсы алдымызда, Республикалық “Желтоқсан-86” Тәуелсіздік қырандары Халық қаһармандары қозғалысы төрайымы – Жүніс Гүлбаһрам Есмұратқызы, Тәуелсіздік күрескері – Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы және Гүлнәр Сейтімбеттей аға-апаларымыз бөлісті! Сөз соңында, тәуелсіздік жолында қаза тапқан батыр қызымыз Ләззат Асанованың анасы да көзіне жас ала отырып, әңгімесін, тілек, алғысын жеткізе білді. Жас балғындарымызда есті әңгімеге елітіп, тіпті өлең шумақтарын жарыса оқып, патриот ұрпақтың өсіп келе жатқандығын дәлелдей түсті. Сонымен қатар, тәуелсіз күрескерлерге баршамыз өре түргеліп, Желтоқсанның жаңғырығына, ызғарлы желіне төтеп бергендігіне жарыса алғысымызды жаудырдық. Кеш соңы театр ұйымдастырған “Желтоқсан желі” атты қойылыммен жалғасын тапты.#Тәуелсіздіккүрескерлері #желтоқсанжелі#алғысымызшексіз

admin

Театр және кино актеры Ербол Идрисов режиссер Мұрат Бидосовтың “Ғұмырдария” фильміне түсуде. Фильмдегі кейіпкері – Шернияз. Фильмнің түсірілімі мен қай кезде телекөрермендерге жол тартатындығы туралы парақшамыздан болашақта білетін боласыздар.

admin