Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
  • Басты бет
  • Мекеме жаңалықтары
  • Бүгінгі таңда еліміздің балалар үйі мен қарттар үйінің босағасын аттаған сə би мен қарияларымыздың саны күн санап артып келеді.
Мекеме жаңалықтары

Бүгінгі таңда еліміздің балалар үйі мен қарттар үйінің босағасын аттаған сə би мен қарияларымыздың саны күн санап артып келеді.

Бүгінгі таңда еліміздің балалар үйі мен қарттар үйінің босағасын аттаған сə би мен қарияларымыздың саны күн санап артып келеді. Дүниеге жаңа келген бейкүнә сәбиін далаға тастап, ана атанып жүргендер қаншама? Көзі қиып, жүрегі шыдап, шырылдаған балапанын панасыз қалдыруға дəті шыдаған тасбауыр жандардың жер басып жүруге қандай құқықтары бар? Осындай қатыгездіктің салдарынан бейкүнә сəби дүние есігін ашпай жатып, балаша қуанып, уайымсыз күн кешудің орнына, терезеден телміріп “мені əке-шешем қашан алып кетер екен? ” деп жылайтындай не жазып еді?
Дәл осындай 100-ге жуық балалар Алматы қаласындағы #2 балалар үйінде тəрбиеленуде. Болашаққа талпынған бұл балалардың көңіліне қаяу түсірмей, еш нəрседен кем болмай өсулері үшін мүмкіндігінше қолдау көрсету – сіз бен біздің қолымызда.
Осы балалардың қалауымен 10 күндік демалыстарының бір күнін театр əлемімен танысуға, киелі шаңырағымыздың тарихы мен тынысын сезінуге арнады.
Жүректерімізден мейірім шырағы сөнбесін! 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ТЕАТРЫМЫЗДЫҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ ДА ОЛЖАЛЫ!

admin

Хабар арнасы “Жаңа күн” бағдарламасының қонағы, театрымыздың актеры – Мақсат Сəбитов. #Хабар20жыл #Жаңакүн #Мүсіреповтеатры

admin

Алматыда «Махаббат хаттары» спектаклінің премьерасы өтті

admin