Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегерлері анықталды

47 жылдан астам тарихы бар Қазақстан Жастар одағының  «Серпер» жастар сыйлығы – өзінің шығармашылығы туралы мәлімдеген және елі үшін қызмет етіп жүрген талантты жастарды қолдауға бағытталған сыйлық болып табылады және түрлі шығармашылық салада талантымен танылған жастарға екі жылда бір беріліп тұрады.

2015 жылдың 28-ші қараша күні Қазақстан Жастар одағының  «Серпер» жастар сыйлығы арнайы коммисияның шешімі бойынша әдебиет, журналистика, театр, эстрада салаларының келесі талантты азаматтарына берілді:

  1. Әбілов Нұрлан
  2. Байсалбеков Жасұлан
  3. Бакаева Салтанат
  4. Баталова Таңсұлу
  5. Бейсенхан Айсәуле
  6. Жұмабек Ержан
  7. Исжанов Саян
  8. Камаранов Бейбіт
  9. Қалдыбаева Ләззат
  10. Мансуров Нұрмат
  11. Отарбаева Залина
  12. Сағынтаев Талғат
  13. Сарыпбекова Жәудір
  14. Сейдешова Жадыра
  15. Тоқманғалиева Сая
  16. Тушаев Бақыт

Марапаттау кеші 2015 жылдың 9 желтоқсан күні сағат 17.00-де М. Әуезов атындағы қазақ Мемлектеттік Академиялық драма театрының кіші залында өтеді.

Ақпарат көзі: http://turkystan.kz/zhanalyktar/8610

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Құрметті əріптестер! Қуаныштарыңыз құтты болсын! Қазақ театры жасасын!!!

admin

10 қараша күні “Кейiпкер келбетi” мейман-бұрышының қонақтарымен болған сырлы сұхбат өз дәрежесiнде өттi. Әртiстер өздерiнiң сүйiктi көрермендерiнiң қиын да, қызық сұрақтарына барынша шынайы жауап берiп, аяқ асты бiлдiрiлген өтiнiштерiн жерге тастамай, ән айт десе ән айтып, роль ойна десе, оған да саспай, барынша корермендерге әдемi, сырлы сұхбат ұсына бiлдi. Әзiлi жарасқан актерлар – бiздiң – фан-клубтың дайындаған күтпеген тапсырмасын да ойдағыдай алып шықты. Бүгiн келген барлық көрермендердiң атынан шынайы, әдемi, әсерлi сұхбаттары үшiн актерларға үлкен рахмет айтамыз! Қысылмай, еркiн өз ойларын айтып, сұрақ қойып, сұхбаттың қызықты өтуiне үлес қосқан барша көрермендерге де алғысымыз шексiз! Театрда жүздесейiк!!!

admin

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, театрымыздың бірқатар қызметкерлері алғыс хаттар жəне медальдармен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!

admin