Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Астанаға келді

Елордаға Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры гастрольдік сапармен келді. Алматылық әртістер 3 күн бойы астаналықтар мен қала қонақтарын өз өнерлерімен сусындатады. Театр Астана төріндегі шымылдығын этноауыл ұлттық мәдени кешенінде Байғали Есенәлиевтің «Базарың тарқамасын» музыкалық драмасымен ашты. Бұл қойылым ЭКСПО көрмесіне орай қойылып отыр. Онда атақты Қоянды жәрмеңкесінен сыр шертіледі. Ал өнер ұжымы бүгін және ертең Астана балет театрында Хугаевтың «Қара шекпені» мен Шекспирдің «Бір сен үшін тудым» трагедиясын сахналайды. ЭКСПО көрмесі – тек қана «жасыл технологияны» ғана емес, әлемдік руханият пен мәдениеттің де тоғысар ортасы. Сондықтан киелі шаңырақ осы халықаралық шараға өз тарту-таралғыларын ұсынуды жөн көрген. Жұманбай Жұлдызбек, қоюшы режиссер: – Бұл жерде біздің театрымыздың жас актерлері ойнайды. Бүкіл труппа, қанша актеріміз бар – соның барлығы осы жерде. Бұл жерде басты рөл деген жоқ. Барлығы да басты рөлде. Келіңіздер, көріңіздер.

Ақпарат көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/185504-spirimder-teatry-astana-a-keldi

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ТЕАТР ДЕГЕН БІР ӘЛЕМ…

admin

23 қазан күні театрымыздың балетмейстері Ринат Билибаевтың туған күні. Шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық биіктер тілейміз!

admin

Әр қойылымы — бір олжа

admin