Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ҒАСЫРЛАРДАН ӨТКЕН ҰЛЫ ДАЛА ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ.

Балнұр АХМЕТ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемле­кеттік академиялық балалар мен жас­өспірімдер театры Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихын тасқа таңбалаған – Қазақ елі» атты мерекелік шара өткізді. «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының ұйымдас­тыруымен өткізілген шара сан ғасырлық тарихы­мызды, бабаларымыз салған сара жолды дәріптеу, халықты ынтымақ-бірлікке жұмылдыруға атсалысу, Ұлы даланы дүбірге бөлеп, жалпыхалықтық сипат алған мерекенің кең насихатталуына үлес қосу мақсатын көздеді.

Мерекелік кешті театр директоры Сәбит Әбдіқалықов пен «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының төрағасы Қуат Қонаев сөз сөйлеп ашты. Театр басшысы өз сөзінде бұл мерейлі мерекенің тарихи маңыздылығын атап өтті. Әсем сазды кеште ұлттық салт-дәстүріміз бен тари­хымызды дәріптейтін театрландырылған қойылымдар мен дәстүрлі ән-күйлер орындалды. Елімізге танымал өнер шеберлері өнер көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық қолөнер бұйымдары, киім үлгілері, ұлттық нақыштағы заманауи техникалық құралдардың көрмесі өтті.

Ақпарат көзі: http://almaty-akshamy.kz/2015/12/11/ғасырлардан-өткен-ұлы-дала-құндылықт/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Азамат САТЫБАЛДЫ: Мұқағалидің рөлін армандап жүрмін…

admin

Бүгінгі қуанышты күннен естелік #сурет #Серпер #БақытТушаев #БейбітКамаранов

admin

Ғ.Мүсірепов атындағы театр 70 жылдығына орай екі премьера ұсынады

admin