Балнұр АХМЕТ
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихын тасқа таңбалаған – Қазақ елі» атты мерекелік шара өткізді. «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының ұйымдастыруымен өткізілген шара сан ғасырлық тарихымызды, бабаларымыз салған сара жолды дәріптеу, халықты ынтымақ-бірлікке жұмылдыруға атсалысу, Ұлы даланы дүбірге бөлеп, жалпыхалықтық сипат алған мерекенің кең насихатталуына үлес қосу мақсатын көздеді.
Мерекелік кешті театр директоры Сәбит Әбдіқалықов пен «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының төрағасы Қуат Қонаев сөз сөйлеп ашты. Театр басшысы өз сөзінде бұл мерейлі мерекенің тарихи маңыздылығын атап өтті. Әсем сазды кеште ұлттық салт-дәстүріміз бен тарихымызды дәріптейтін театрландырылған қойылымдар мен дәстүрлі ән-күйлер орындалды. Елімізге танымал өнер шеберлері өнер көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық қолөнер бұйымдары, киім үлгілері, ұлттық нақыштағы заманауи техникалық құралдардың көрмесі өтті.
Ақпарат көзі: http://almaty-akshamy.kz/2015/12/11/ғасырлардан-өткен-ұлы-дала-құндылықт/