Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Арда өнердің алтын қазығы – театр

Жетпіс жылда жемісі жерге иілген жеміс ағашы сияқты, тағдырына тағзым жасап тұрған театрдың иесі мен киесі, ол – өз тарихының өне бойында өміршең қалпын сақтап қалатын қасиетінде.

Уақыт озбайды. Біз уақыттан озамыз. Актерлар да, театр тізгінін ұстаған азаматтар да театр тарихының бір-бір парағы боп қалар…

Ал, театр өнері – мәңгілік елдің мәңгілік мәртебесіне айналып, Тегеурінді мемлекеттің рухани темірқазығы болып тұрары Хақ!

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен театрдың 70 жылдық тарихына арналған драматург-авторлар, театртанушы, өнертанушы ғалымдардың қатысуымен «Жастар театрының бүгіні мен болашағы» атты Республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Іс-шараның келесі бөлімі республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен Пресс-конференцияға жалғасты.

Пресс-конференциядан соң, қонақтарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен театрдың 70 жылдығына арнайы жасақталған музей-көрмелерді, «Кейіпкерлер» галереясы (перформанс) таныстырылды.

53b7a2b293210f74063c940420635873

Мерейтойлық іс-шара «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ, ТЕАТР – МЕНІҢ ҒҰМЫРЫМ» атты театрландырылған концерттік, салтанатты кешпен жалғасты.

d12906481549e667979e6cebbd27cb56

Алғашқы құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызының атынан – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы жеткізді.

Сонымен қатар, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театр ұжымын М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының, Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының және т.б. театрлардың басшылары құттықтады.

2c52cfcd45dd0b60c3627dbf0c91ae90

Театрландырылған-концерттік бағдарламада театрдың құрылуынан бастап бүгіне дейінгі сәттерді қамтыған тарихи фильмнен үзінді көрсетілді. Салтанатты кештің бағдарламасында театрдың барлық жанрлары қамтылған қойылымдар ұсынылды. Барлық қойылымдарды театрдың бүгінгі артистері мен бұрын осы театрда қызмет етіп, бүгінде еліміздің мақтаныштарына айналған актер-актрисалар орындады.

b0e9250c70c92cee661c182b1a4b81e3

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шара мәртебелі көрерменнің қошеметімен аяқталды.

Ақпарат көзі:https://baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/arda_onerdin_altin_kazigi__teatr20161018_123900

 

 

 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

БАҚ өкілдерінің назарына!

admin

“Сахна сырлары” (05) – 22.12.2015. АКТЕР ЖОЛЫ

admin

“Жаңа күн” бағдарламасында актер Данияр Базарқұлов, режиссер Ерлан Кәрібаев қонақта.

admin