Авторы – Георгий Хугаев
Қоюшы режиссер – Асхат Маемиров
Қоюшы суретші – Индира Ихсан
Музыкамен көркемдеген – Динара Әбікеева, Болатбек Нұрқасымов
Балетмейстер – Ринат Билибаев
Спектакль – Алматы «Ислам мәдениетінің астанасы-2015» болып жариялануына байланысты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысымен қойылған.
Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең құдіреттісі де, ең ақылдысы да, ең әдемісі де – Адам…
Ал, Біз, дәл осындай «дәрежеге» расымен, лайыкпыз ба?!
Кез келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, Жан азығынан мақұрым қалған адамдай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз…
«Қара шекпен» спектаклі – осы сұрақтарға жауап іздейді.