Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

“Алтын сақа” атты балалар спектакльдерінің фестивалі өтеді

 БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ!!!

Ұлыстың ұлы күні мен Халықаралық театр күнінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Алтын сақа» атты балалар спектакльдері фестивалінің ашылуына орай баспасөз конференциясы өтеді.

Мерекелік іс-шараның мақсаты – «Бала тәрбиесі – бұл ата-аналардың ерекше азаматтық борышы» деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай бала тәрбиесі қашанда маңызды міндеттеріміздің бірі болып табылады. Ал, ертегінің театр қойылымдары арқылы сахнада көрініс табуы – жас ұрпаққа рухани, патриоттық тәрбие беруде маңызы орасан. Театрымыздың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, алғаш рет «Алтын сақа» атты балалар спектакльдерінің фестивалі ұйымдастырылып отыр. Фестивальде Байділдә Қалтаев атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», Аққағаз Мәмбетова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі үшін», Қасым Жәкібаев атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі ер адам бейнесі үшін», Әминә Өмірзақова атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі әйел бейнесі үшін», «Ең үздік эпизодтық рөл»,  «Эпизодтық рөлдегі актерлық шеберлігі үшін», «Көрермендер көзайымы», «Ең үздік дебют» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өткізіледі. Жүлделерді  қазылар алқасы мүшелері мен арнайы шақыртылған қонақтар табыстайды. Баспасөз конференциясының негізгі бөлімінен кейін,  фестивальдің алғашқы спектаклі назарларыңызға ұсынылады.

Баяндамашылар қатарында:

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры – Әбдіқалықов Сәбит Әбдімүтәліұлы;

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері – Ахманов Мұрат Ноянбайұлы;

Театрымыздың актрисасы, Қазақстанның халық артисі – Роза Әшірбекова;

Театрдың әдебиет бөлімі меңгерушісі, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері – Бақыт Беделхан.

Журналистерге ақпарат:

Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абылай хан көшесі, 38.

Өтетін уақыты: 24.03.2016 жыл, сағат 10:00

Байланыс телефондары:   273-22-48.

Театрдың баспасөз бөлімі.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Гүлбаһрам Ахатқызы Байбосынова, актриса: Кербездік қыздарға жарасады

admin

“Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы “Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” 2015 жылдың 20-қарашасында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған “Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың бойында патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру” атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Театрымыздың бірқатар дарынды артистері театрландырылған көрініс көрсетіп, көптің ризашылығына бөленіп қайтты. ‪#‎қазақхандығына550жыл‬

admin

Алматы қалалық Ардагерлер үйінің ұжымы шарттар күніне орай өз өнерлерін паш етіп, əдемі көңіл сыйлағаны үшін театр директоры мен ұжымға ризашылықтарын алғыс хатпен білдірді.

admin