Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Алматыда «Алтын сақа» жаңа қойылымдар фестивалі өтеді

Алматыда Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында 14-19 наурыз аралығында «Алтын сақа» жаңа қойылымдар фестивалі өтеді.

 Халықаралық театр күні мен Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына арналған «АЛТЫН САҚА» атты жаңа қойылымдар фестивалі ұйымдастырылып отыр. Театр репертуарындағы 2016 жылдың наурызы мен 2017 жылдың наурызы аралығында сахналанған балалар қойылымдары және кешкі қойылымдар сайысқа түсетін болады.

Фестиваль жүлделері:

  • «Жыл актеры»
  • «Үздік ер кісі бейнесі»
  • «Үздік әйел бейнесі»
  • «Екінші қатардағы үздік ер кісі бейнесі»
  • «Екінші қатардағы үздік әйел бейнесі»
  • «Эпизодтық рольдегі үздік ер кісі бейнесі»
  • «Эпизодтық рольдегі үздік әйел бейнесі»
  • «Көрермен көзайымы»
  • «Театр үміті»

Фестивальдің қазылар алқасы:

Еркін Жуасбек – Өнертану ғылымдарының кандидаты

Есмұхан Обаев – Қазақстанның халық артисі, профессор

Сатыбалды Нарымбетов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

24 наурыз күні, сағат 18.30-да фестиваль нәтижелері жарияланып, концерттік бағдарлама ұсынылады.

Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/almatida_altin_saka_zhana_koiilimdar_festivali_otedi20170313_140500

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Юные эксперты составили шорт-лист лучших постановок и выбрали лучших актёров

admin

Арда өнердің алтын қазығы – театр

admin

СӘБИТ ӘБДІҚАЛЫҚОВ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛДІ

admin