Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Алматыда актриса Тынышкүл Сұлтанбердиеваның мерейтойлық бенефисі өтеді

Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Тынышкүл Сұлтанбердиеваның мерейтойлық бенефисіне шақырады. Актриса мерейтойлық бенефисте «Махаббат хаттары» (авт. А. Герни, ауд. А. Көлбаева, реж. Ж. Жұманбай) спектаклінде басты рөлді сахналайтын болады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Т. Сұлтанбердиева ойнайтын спектакльдермен театр қатысқан: Абайдың 150 жылдығы аясында Жезқазған қаласында өткен Республикалық театрлар фестивалінде театрымыз бас жүлде – Гран-Приді, сондай-ақ, Махамбеттің 200 жылдық мерейтойына орай Орал қаласында өткен ХІ Республикалық театр фестивалінде Ж.Хаджиев қойған І.Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет» тарихи драмасы да Бас жүлдені жеңіп алды.

Т. Сұлтанбердиеваның театрда соңғы жылдары сахналанған спектакльдердегі: Ф.Шиллердің «Махаббат пен ғадауат» трагедиясында – Леди Мильфорд, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында – Мақпал, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында – Башорот, М.Ахмановтың «Наурыз думан» балаларға арналған музыкалы-танымдық ертегісінде – Күз, Б.Мұқайдың «Шындық детекторы» трагикомедиясында – Нұрия, Т.Теменовтің «Шығыс сазы» музыкалық хикаясында – Мыстан кемпір, М.Әуезовтің «Ай-Қарагөз…» трагедиясында – Текті, т.б. бейнелері – сахнагердің ерекше атауға тұратын өзіндік орны бар, шығармашылық жолындағы асулы үлкен жетістігі. Сахнагер сомдаған әрбір рөл өзіндік ерекшелігімен, яғни, қайталанбас иірімдерімен, шынайылығымен құнды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Томпакпен келген Жана жыл” атты ертенгилик койылымдарга шакырамыз.

admin

Құттықтаймыз!!

admin

МҰХТАР МЕН МӘРИЯШ

admin