Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«Айтылмаған махаббат» ән-думан кеші өтеді

Алматыда 14 қараша күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Айтылмаған махаббат» театрландырылған ән-думан кеші өтеді. Бұл шара өнер ордасының 70 жылдығы аясында 17-қарашадағы «Халықаралық студенттер күніне» арналып отыр.
69-маусымын Дулат Исабековтің драмасына қойылған режиссер Мұрат Ахмановтың «Құстар фестивалінің» премьерасымен аяқтаған өнер ордасы 70-маусымды 14-қазанда екі бірдей жаңа спектакльмен ашты. Оның бірі балаларға арналған Ер­кін Әбдірашевтің «Алтын мүйізді киік» ертегісі болса, екін­шісі Мұқағали Мақатаевтың «Ра­йымбек! Райымбек!» поэти­калық тарихи дастаны.

Ақпарат көзі: http://qazaq-alemi.kz/news?id=2503

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Түрімді ұмытып қалды” Назарбаевтың рөлін сомдаған актер көрген қиындықтары туралы айтты

admin

14 қараша күні көптен күткен кеш өз деңгейiнде өттi. Нағыз актердiң iшкi жан әлемiн, көрермендерге деген шынайы сезiмiн, махаббатын жеткiзуге тырысқан әдемi, әсерлi, ұмытылмас кеш болды. Олар көрермендерiне айтпайды махаббатын… сезiндiредi, бiлдiредi. Лирикалық кешпен басталып, көрерменнiң бiразын мұңға батырып барып, әдемi әзiлмен қыран-топан күлкiге қарық қылды. Бүгiнгi кеш – әртiстер мен көрермендердi бiр-бiрiне жақындата түскен ерекше кеш болды. Олар көрермендерге шынайы махаббатын сездiрсе, көрермендер олар күткен риясыз сүйiспеншiлiкпен қол соқты. Ризалығын бiлдiрдi. Барлығыңызға үлкен рахмет! Еңбектерiңiз жансын! Бiз сiздердi жақсы көремiз!

admin

Т.ТОЛҚЫНҚЫЗЫ «ОСЫЛАЙ ДА АДАМ САҒЫНАДЫ ЕКЕН»

admin