Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

“Айтылмаған махаббат” атты театрландырылған ән-думан кешіне шақырамыз!

Ғ. МҮСІРЕПОВ  АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ  МЕМЛЕКЕТТІК  АКАДЕМИЯЛЫҚ

БАЛАЛАР  МЕН  ЖАСӨСПІРІМДЕР  ТЕАТРЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Халықаралық студенттер күніне арналған

«АЙТЫЛМАҒАН МАХАББАТ»

театрландырылған ән-думан кешіне шақырамыз!

Өтетін  орны:    Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Өтетін  күні: 14 қараша, 2015 жыл
Басталуы: 18.30-да
Театр – барлық өнердің басын қосып тұрған киелі шаңырақ. Сол шаңырақтың 70 жылдығы аясында «Студенттер күніне» орай  «Айтылмаған махаббат» атты  театрландырылған ән-думан кешін ұйымдастырып отырмыз.
Театр тарихы актер өмірімен өрілгенімен, көрермен көңілі мен  пейілі әрқашан да біз үшін қымбат.
Бұл кеш – театр актерларының сол, аса  қадірлі көрермендерге деген тартуы – ақ жарылып, айталмай жүрген махаббаты.
Ал, ақ махаббат айтылған жерде ойланбай, толғанбай, тебіренбей, шаттанбай, қуанбай қайтпайсыздар..!
Қайталанбас бақыт пен қайта айналмас уақыт-сахнасындағы  ғажайыпқа асығыңыздар!
Қадірлі көрермен – құрметті жастар, сіздерге деген кіршіксіз махаббатпен – Театр!
 

БАСПАСӨЗ БӨЛІМІ:

273-22-48

Майя 87019050575,

Гүлназ 87026011557

e-mail: teatr_musrepov@mail.ru

www.musrepov.kz

Сәйкес жаңалықтар

Құттықтаймыз!!!

admin

Роза Әшiрбекова – өмiрiн театрға арнаған жан. Сахнада сан түрлi рольдердi сомдап, өмiрде жан-жағына шуақ шашып жүрген, театр әртiстерiнiң анасына айналған аяулы кiсi. ҚР Халық әртiсi атағынан бөлек, көрермендерiнiң ыстық ықыласына, шынайы сүйiспеншiлiгiне бөленген ардақты ана! Өмiр жолы ұрпаққа үлгi боларлық анамызға арналған өлеңдi өздерiңiзге ұсынамыз.

admin

«Тарихи тұлғаларды сомдағым келеді»

admin