Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
1959 жылы 19 қаңтарда ШҚО облысы, Жарма ауданы, Қапан-Бұлақ ауылында дүниеге келген.
1980-1984 жылдарда Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының актер бөлімін тәмамдады.
1984 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
Б.Мұқай «Өмірзая» – Цезарь, М.Әуезов «Желсіз түнде жарық ай»- Майбасар, «Қаралы сұлу» – Болат, С.Жүнісов «Жамбылдың даңғыл да, тарғыл жолдары» – С.Мұқанов, Ә.Сараев «Мұңым менің» – Жанайдар, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» – Жанайдаров, «Періште Пері»- Құлахмет, И.Ғайып «Алтын Ажал» – Бекжан, «Қорқыттың көрі» – Қарақожа, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Науан хазірет, Дж.Патрик «Кемпірден қалай құтыламыз» – Джо Янки, О.Бөкей «Атау Кере» – Ерік. І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» – Қалдыбай, Т.Ахметжан «Екі жүрек» – Алдияр, И.Вовнянко «Стриптизердің өлімі» – адвокат, Е.Аманшаев «1001 ші түн»- әмірші, Т.Теменов «Мулен Ружға шақыру» – Кие, У.Шекспир «Махаббат айдыны» – Анселио, Ә.Таусаров «Аса құрметті Икс»- Айдабол, С.Асылбекұлы «Желтоқсан желі»- ақсақал, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – Егде жастағы актер, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Гура, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Жайсаң Базаров, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Ертегіші, Т.Ахтанов «АНТ» – Төле би, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2011ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;