Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Аққулар ұйықтағанда

admin

Нұрғали Ораз

«Аққулар ұйықтағанда…» (драма)

Қоюшы-режиссері – Ержан Қауланов
Қоюшы-суретшісі – Нұржан Сәменов
Композиторы – Артық Тоқсанбаев
Дыбысын әзірлеуші – Торғын Рақымбаева
Режиссердің ассистенті – Әсет Үмбетбаев
Режиссердің көмекшісі – Гүлфайруз Смаилова
«Аққулар…
Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды.
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, енді қайтып оралмайды», – деп жырлаған Мұқағали айдын көлде қалқыған сұлу құспен бірге көз бен көңілден бал-бұл ұшқан құндылықтар мен Махаббат символы болған аққу құстың қасиеті адам бойынан жоғалып кеткенін көрсе, қайтер еді?..
Жоғалған махаббат пен аққу құс енді қайтып оралар ма?..
Спектакльдің премьерасы: 9 ақпан 2018 жыл