Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ақтөбеге Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры келе жатыр

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ақтөбелік көрерменді бес күн бойы Т.Ахтанов атындағы драма театрында күтеді. Бұл іссапарын Мүсірепов театрының ұжымы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен аталған мәдени ошақтың 70 жылдығына арнап отыр.
29 қыркүйек күні «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ.Мүсірепов, режиссері Ж.Хаджиев) трагедиясы көрсетіледі. «Жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік, адамдық пен адалдықты сөз етер, сертке берік екі жастың арасындағы ғашықтық жырларын шертер «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қойылымы — өнер мен өмір, тәрбие тағылымы мектебі екені хақ. Жазушының бұл туындысы көпшілік-көрерменге оқиғасы жағынан өте кеңінен таныс. Дегенмен, бұл жолғы Қозы Көрпеш те, Баян да – басқа… жаңа…» — дейді театрдың баспасөз бөлімінің хатшысы.
30 қыркүйекте ақтөбелік көрермен «Келіндер көтерілісінің» (авторы С.Ахмад, режиссері М.Ахманов) куәсі болады. Ене мен келін арасындағы қарым-қатынас қана емес, адамның бостандығы, таңдау еркі мен ескі тәртіптің арасындағы қайшылықтарға негізделген комедия көрерменді күлдіре отырып, ойға батыратыны хақ.
1 тамыз күні Ш.Айтматовтың «Арманым Әселім» шығармасының негізінде сахналанған «Қызыл орамалды шынарым» қойылымы (режиссері Т.Теменов) көрсетіледі. Кездейсоқ таныстықтан басталған Ілияс пен Әселдің шынайы махаббаты мен баянсыз бақыты көрерменді бейжай қалдырмайды.
2 қазанда көрерменге «Мен ұмытылмаймын…» (авторы М. Мақатаев, режиссері Б.Сейітмамытұлы) лирикалық драма ұсынылады.
3 қазан күні театр ұжымы «Қара шекпен» (авторы Г.Хугаев, режиссері А.Маемиров) әфсанасын көруге шақырады. «Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең қадірлісі де, ең ақылдысы да, ең әдемісі де – Адам… Ал, біз, дәл осындай «дәрежеге» лайықпыз ба?! Әрбіріміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер кейде адамшылықтан басым түсіп, хайуаннан бетер боп кететінімізді өзіміз де байқамаймыз-ау осы… Неге мұндаймыз? «Қара шекпен» спектаклі осы сұрақтарға жауап іздейді», — деп жазылған театрдың баспасөз хабарламасында.
29, 30 қыркүйек жәнен 1,3 қазан күндері «Ер көжек» (авторы Ө.Боранбаев, режиссері И.Әбілмәжінов) ертегісі кішкентай көрерменін күтеді.

Ақпарат көзі: http://aktobenews.kz/2016/09/19/aqtobege-g-musirepov-atyndagy-balalar-men-zhasospirimder-teatry-kele-zhatyr/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыда І Республикалық Жастар театрлары фестивалі өтеді

admin

Алматыда «Жастар тәуелсіз елдің тірегі» атты жиын өтті

admin

Арнайы сұхбат Жұлдызбек Жұманбайдың алғашқы режиссерлік  қадамы.

admin